Павлодар облысында «Отбасылық сот» жобасы өзінің тиімділігін байқатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысында «Отбасылық сот» жобасы шеңберінде судьялар мен психологтар 2018 жылы 575 отбасыны, 2019 жылы 93 отбасыны ажырасудан сақтап қалды. Тек Павлодардың мамандандырылған әкімшілік сотында психологтардың қатысуымен 2018 жылы 1 179 отбасындағы, 2019 жылы 286 отбасындағы ерлі-зайыптылар татуласты.

Осы жоба отбасыны нығайтып, неке мен отбасыны дәріптеуге арналған.

Сот жүйесінің ардагері, медиатор Марина Иванова Татуластыру орталығы жұмысының тиімділігін атап өтті. Кәсіподақ орталығының негізінде ашылған осы орталық некенің бұзылу жағдайларының алдын алып, балаларды тәрбиелеумен байланысты даулардың татуласу жолымен шешілуіне ықпал етуде. 2018 жылы 75 адам, ал 2019 жылдың басынан бастап 49 адам осы орталықтың көмегін пайдаланды.

Источник: 
павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі