Архив событий

23/08/2017

Атырау облысының сот корпусы мен адвокаттар алқасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

23/08/2017

Атырау облыстық сотында облыстық соттың төрағасы М.Бектұрғанов пен облыстық адвокаттар алқасының төрайымы А.Омарова алдағы уақыттағы сот жүйесі мен адвокатураның бірлескен жұмыстарын талқылады.

Шараға сот алқаларының төрағалары, облыс соттарының төрағалары, сондай-ақ облыстық сот судьялары мен адвокаттар қатысты.

Өз сөзінде облыстық сот төрағасы М.Бектұрғанов жасақталып жатқан құжаттың басты мақсатын түсіндіріп, екі жақты ынтымақтастықтың келешегі туралы айтып өтті.

Павлодарда судьялар сот үкімі, сот шешімі немесе басқа сот актісі мен атқару құжатын орындамау бойынша әкімшілік істер қараудың практикасын талқылап өтті

23/08/2017

Павлодар облыстық соты оқу орталығының базасында прокуратура, әкімшілік полиция, әділет органдары, жергілікті полиция қызметтері өкілдерінің, сот орындаушыларының, адвокаттар мен сот приставтарының қатысуымен «Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту» атты өзекті тақырыпқа «дөңгелек үстел» өтті.

Ақтауда сот банктің қарызға қызмет көрсету үшін ұстаған комиссияларын заңсыз деп таныды

23/08/2017

Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласының №2 сотында азамат Х.-ның банк арасындағы заем келісім шартының қарызға қызмет көрсету үшін комиссия төлеу туралы бөлігін заңсыз деп тану және ұсталған комиссияны кейін қайтару жөніндегі талап арызымен азаматтық іс қаралды.

Х. мен банк арасында 2015 жылы банк заемы туралы келісім шарт жасақталып, банк Х-ға тұтынушылық мақсатта 1 000 000 теңге несие берген. Алайда талапкер ай сайын қарызға қызмет көрсеткені үшін банкке 5 000 теңге мөлшерінде қосымша комиссия төлеп отырғаны анықталды.

Жоғарғы Сот Астана қаласының КАО Департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді

23/08/2017

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Мемлекеттік корпорациясының Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық филиалының қызметкерлеріне "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» атты семинар өткізіді.

Іс-шара барысында филиалдың қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерінің ережелері түсіндірілді.

Алимент төлемегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

23/08/2017

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотында құқық бұзушы М.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушықы туралы кодексінің 669 бабымен (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау) (мәтін бойынша әрі қарай ҚР ӘҚБтК) әкімшілік ісі қаралды.

Қостанайда ерлі-зайыптылар арасындағы баланың мүдделері бойынша дау татуласумен аяқталды

23/08/2017

Қостанай облыстық сотында ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу туралы дау татуласумен аяқталды.Отбасылық-неке қатынастары туралы даулар санаты бойынша пилоттық жобасын жүзеге асыру барысында, бұрынғы ерлі-зайыптылар жұбына қатысты медиацияны қолданып,

бірінші кезекте кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін әрекет жасады.