Архив событий

25/08/2017

Қостанайда соттар мен облыстың мәдениет басқармасының арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды

25/08/2017

Бүгін Қостанай облыстық сотында Президенттің «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау шеңберінде билерді және Алаш Орданың зиялы қауымын еске алуға арналған «дөңгелек үстел» өтті. Оған «Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» ҚФ төрағасы Мұрат Найманов, Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Әбдіжами Құлдүйсенов, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Шалқар Қосабаев және сот қызметкерлері қатысты.

Атырауда соттар мен тергеу органдары тергеу амалдарын электронды түрде санкциялауды қосуға дайындықты бастады

25/08/2017

Атырау облыстық сотында электронды түрде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын  алуды санкциялау мәселесіне арналған судьялар мен тергеу органдарының өкілдерінің кездесуі өтті.

Шараны ашқан облыстық сот судьясы Р.Аққұлова бұл жүйе қылмыстық процесті жеңілдетуге және сапасын арттыруға арналған. Ол құқық қорғау органдары мен ел халқының арасындағы қарым-қатынастың ашық болуын қамтамасыз етеді деді.

Лицензиялық алым төлемегені үшін әкімшілік айыппұлға тартылды

25/08/2017

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ары қарай ҚР ӘҚБтК) 282-бабының 8-бөлігі, яғни жыл сайынғы лицензиялық алымды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу әкімшілік құқық бұзушылығы бойынша азаматша К-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.