Архив событий

16/08/2017

Электронды түрде санкциялау пилоттық жобасы іске асырылды

16/08/2017

Бүгін Жоғарғы Сот, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Жамбыл облысының ішкі істер органдары, прокуратура және жергілікті соттары өкілдерінің қатысуымен Жуалы аудандық сотында алуды және қамақта ұстауды санкциялау туралы материалдары жөнінде электрондық алмасу жүргізілді.  

Мақсаты - ақпараттық технологияларды қылмыстық іс жүргізуіне кеңінен енгізу.

Маңғыстауда рухани жаңғыру тетіктері талқыланды

16/08/2017

Маңғыстау облыстық сотында ҚР Жоғарғы Сотының «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстел қарарын іске асыруды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Іс шараны  Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев ашып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселені жіктеп, сот жүйесінің алдында тұрған міндеттерді айқындады.

Мемлекеттік шекарадан заңсыз қасақана өткізу пунктерінен тысқары жерден кесіп өту туралы іс бойынша сот үкімі жарияланды

16/08/2017

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен Қырғызстан Республикасының азаматы Ы.К. қатысты,  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен (әрі қарай мәтін бойынша ҚР ҚК) (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден  қасақана заңсыз кесіп өту,  сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының көрсетілген пункттерінен жалған құжаттар арқылы немесе үшінші тұлғалардың жарамды құжаттарын алдап пайдалана отырып, сол сияқты белгіліген тәртіпті бұза отырып қасақана заңсыз кесіп өту).

Заңды тұлға сот актісін орындамаған үшін жауапқа тартылды

16/08/2017

ШҚО Катонқарағай ауданының №2 сотында сотында заңды тұлға «Гульфайруз» ЖШС-не қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) әкімшілік іс қаралды.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының атқару парағына сәйкес «Гульфайруз» ЖШС-нен және азамат Н.С.Нұртазиннен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның пайдасына 6 323 618 теңге қарыз сомасы өндірілуге тиіс болған, алайда «Гульфайруз» ЖШС өзінің қарыз бөлігін осы күнге дейін төлемеген. 

ЖШС директорын 6 жылға соттады

16/08/2017

Жезқазған қалалық сотының 14  тамыз 2017 жылғы үкімімен Расул Бахрамович Юлдашев  Р ҚК-нің 176-бабының 3-бөлігінің  «б»-тармағында көзделген қылмысты жасағандығы үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүліктері тәркіленіп, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғаларда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан  2 (екі) жылға айыра отырып, 6 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.