Архив событий

14/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы аудан тұрғындары және белсенділерімен кездесіп, облыстың сегіз ауданында азаматтарды қабылдады

14/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров облыстың сегіз ауданының тұрғындары мен белсенділермен кездесу өткізіп, өңірдегі аудандық соттардың жұмыс жағдайымен танысты, сонымен қатар соттарда азаматтарды қабылдады.

Жамбыл облыстық сотында «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын енгізу бойынша кеңес өтті

14/08/2017

Кеңеске  Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Жомарт Рүстембеков, Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың кызметін қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Серғазы Омаш, сондай-ақ Департамент қызметкерлері, аудандық және оған теңестірілген Жамбыл облысы соттарының төрағалары, судьялары және кеңсе меңгерушілері қатысты.

Алматы облысында судьялар мен нотариустар атқарушылық жазбаны қолдану тәжірибесін кеңейту сұрақтарын талқылады

14/08/2017

Алматы облыстық сотында нотариус, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының қатысуымен онлайн-режимде «Атқарушылық жазбаларды жасау кезінде туындайтын сұрақтар» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның модераторы облыстық сотының судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Сару Нұрқасымова болды.

59 миллионнан аса теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды

14/08/2017

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасымен Павлодар облысы прокуратурасының «Абая» ЖШС-не, «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-не, «Казагромаркетинг» АҚ-на 2016 жылғы 1 сәуірдегі №4 хаттамасын және 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 19 шартты жарамсыз деп тану және мемлекеттік бюджетке 59 955 274 теңгені қайтару туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.