Атырау облысының сот корпусы мен адвокаттар алқасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында облыстық соттың төрағасы М.Бектұрғанов пен облыстық адвокаттар алқасының төрайымы А.Омарова алдағы уақыттағы сот жүйесі мен адвокатураның бірлескен жұмыстарын талқылады.

Шараға сот алқаларының төрағалары, облыс соттарының төрағалары, сондай-ақ облыстық сот судьялары мен адвокаттар қатысты.

Өз сөзінде облыстық сот төрағасы М.Бектұрғанов жасақталып жатқан құжаттың басты мақсатын түсіндіріп, екі жақты ынтымақтастықтың келешегі туралы айтып өтті.

«Өзара сыйластық қағидаларына негізделген ынтымақтастық, сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз етіп, қолданыстағы заңнамалардағы жетіспеушіліктерді анықтауға, айыптаушы мен қорғаушы тараптарының біліктілін көтеруге септігін тигізеді» - деді М.Бектұрғанов.

Сондай-ақ адвокаттар алқасының төрайымы А.Омарова бұл құжат партисипативті әдісті қолдану аясының кеңеюіне, сотқа дейінгі және соттан тыс дауды шешу тәсілдерінің институтын енгізуге мүмкіндік береді деген көзқарасын білдірді.

Шара соңында тараптар тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасауға дайын екендіктерін айтып, Меморандум мақсаттарын жүзеге асыруда сәттіліктер тіледі.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі