Атырау

В Атырау открыли кабинеты досудебного примирения

02/05/2018

Председатель Атырауского областного суда Маргулан Бектурганов встретился с профессиональными медиаторами.

Выступая на встрече, М.Бектурганов проинформировал об открытии в рамках проекта «7 камней судебной системы» в Атырауском городском суде кабинетов для профессиональных медиаторов и судебной медиации.

Атырауда соттар әкімшісі мен мүгедектер қоғамы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасақтады

06/09/2017

Атырау облыстық сотында Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Г.Жұмағалиева мен "Мүгедек әлемі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы К.Нұржігітова ұзақ уақытқы өзара ынтымақтастықты орнату туралы келісімге қол қойды.

Келісімге сәйкес, қол қойған тараптар бірлесіп мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі бойынша, олардың облыс соттарының орналасқан жерлеріне кедергісіз келулерін қамтамасыз етуге шаралар қолданып, көмек көрсетуге күш жұмылдырады.

Атырауда соттар мен тергеу органдары тергеу амалдарын электронды түрде санкциялауды қосуға дайындықты бастады

25/08/2017

Атырау облыстық сотында электронды түрде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын  алуды санкциялау мәселесіне арналған судьялар мен тергеу органдарының өкілдерінің кездесуі өтті.

Шараны ашқан облыстық сот судьясы Р.Аққұлова бұл жүйе қылмыстық процесті жеңілдетуге және сапасын арттыруға арналған. Ол құқық қорғау органдары мен ел халқының арасындағы қарым-қатынастың ашық болуын қамтамасыз етеді деді.

Атырау облысының сот корпусы мен адвокаттар алқасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

23/08/2017

Атырау облыстық сотында облыстық соттың төрағасы М.Бектұрғанов пен облыстық адвокаттар алқасының төрайымы А.Омарова алдағы уақыттағы сот жүйесі мен адвокатураның бірлескен жұмыстарын талқылады.

Шараға сот алқаларының төрағалары, облыс соттарының төрағалары, сондай-ақ облыстық сот судьялары мен адвокаттар қатысты.

Өз сөзінде облыстық сот төрағасы М.Бектұрғанов жасақталып жатқан құжаттың басты мақсатын түсіндіріп, екі жақты ынтымақтастықтың келешегі туралы айтып өтті.

Атырауда Судьялар Одағы мен медиаторлар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

08/04/2016

Атырау облыстық сотында судьялар «Медиацияны дамыту орталығы»,  «Медиаторлардың ұлттық палатасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі Медиация орталығының медиаторларымен кездесті.

Атырауда сот Мемлекеттік сатып алу басқармасының бұрынғы маманына пара алғаны үшін бірнеше миллион айыппұл салды

11/03/2016

2015 жылдың қыркүйек айында Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Атырау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына тендер өткізу туралы өтінім жолдаған.

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А. Атырау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы, конкурстық комиссияның мүшесі М.-дан туысы А. бас есепші болып істейтін «Теплотехника» ЖШС-не тендерді жеңіп беруге ықпал етуді сұрайды.

Атырау облыстық сотында өткен дөңгелек үстелде татуластыру рәсімдері талқыланды

10/03/2016

Атырау облыстық сотында облыстағы судьялардың, прокуратура, адвокатура өкілдерінің, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Алғы сөзді оқу бағдарламасының үйлестірушісі, облыстық сот судьясы Г.Нұржігітова алып, татуластыру рәсімдерінің сот өндірісіндегі маңыздылығын айтып өтті.

Атырауда сот қызметкерлері ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты

04/03/2016

Бүгін Атырау қаласының орталық даңғылында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған еңселі ескерткіш бой көтерді.

Ескерткішті Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов салтанатты түрде ашты. Іс-шараға әдебиет, өнер, мәдениет, қоғам  қайраткерлері, жоғарғы, арнаулы оқу орындары мен мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен БАҚ өкілдері көптеп жиналды. Ақиық ақынға құрмет көрсету салтанатына Атырау облысы соттарының қызметкерлері де келді.

Беттер