ынтымақтастық туралы Меморандум

Алматы облыстық соты және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

07/11/2017

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Досымбет Қалдарбек, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының басшысы Нариман Әбілшайықов Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Іс-шараға Алматы облысы Судьялар одағы филиалының төрағасы Ербол Құтпанбаев, облыстық соттың судьялары Гүлнар Валимова, Роман Батырханов, Соттар әкімшісінің басшысы Манас Бурашев, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қанат Қабдиев және Алматы облысының шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Павлодар облыстық соты мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

31/10/2017

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасында салтанатты түрде Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов және облыстың ірі бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

Аумақтық деңгейде тиімді өзара әрекеттесу үшін негіздеме болатын құжат Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов пен Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Серік Байсейітовтың қолтаңбаларымен бекітілді.

Атырауда соттар әкімшісі мен мүгедектер қоғамы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасақтады

06/09/2017

Атырау облыстық сотында Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Г.Жұмағалиева мен "Мүгедек әлемі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы К.Нұржігітова ұзақ уақытқы өзара ынтымақтастықты орнату туралы келісімге қол қойды.

Келісімге сәйкес, қол қойған тараптар бірлесіп мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі бойынша, олардың облыс соттарының орналасқан жерлеріне кедергісіз келулерін қамтамасыз етуге шаралар қолданып, көмек көрсетуге күш жұмылдырады.

Жоғарғы Сот пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

28/08/2017

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов, Англия және Уэльстің бұрынғы Жоғарғы судьясы Лорд Гэрри Вульф Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және АХҚО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Іс-шараға Грузия Жоғарғы Сотының Төрағасы Нино Гвенетадзе, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің  басшылығы, сонымен қатар АХҚО  өкілдері қатысты.

Атырау облысының сот корпусы мен адвокаттар алқасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

23/08/2017

Атырау облыстық сотында облыстық соттың төрағасы М.Бектұрғанов пен облыстық адвокаттар алқасының төрайымы А.Омарова алдағы уақыттағы сот жүйесі мен адвокатураның бірлескен жұмыстарын талқылады.

Шараға сот алқаларының төрағалары, облыс соттарының төрағалары, сондай-ақ облыстық сот судьялары мен адвокаттар қатысты.

Өз сөзінде облыстық сот төрағасы М.Бектұрғанов жасақталып жатқан құжаттың басты мақсатын түсіндіріп, екі жақты ынтымақтастықтың келешегі туралы айтып өтті.

ҚР Әскери соты және ҚазГЗУ колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

30/11/2016

Әскери соттың әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі түлектерінің кездесуіне қатысты.

Іс-шара барысында Әскери соттар Әкімшісі және ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою салтанатты рәсіміне жоғары оқу мекемесінің басшылығы, профессорлық құрамы, колледж түлектері және заң факультетінің студенттері қатысты.