Алматы облыстық соты және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Досымбет Қалдарбек, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының басшысы Нариман Әбілшайықов Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Іс-шараға Алматы облысы Судьялар одағы филиалының төрағасы Ербол Құтпанбаев, облыстық соттың судьялары Гүлнар Валимова, Роман Батырханов, Соттар әкімшісінің басшысы Манас Бурашев, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қанат Қабдиев және Алматы облысының шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Меморандумға қол қоюдың маңыздылығын айта келе, Досымбет Калдарбек «Қазақстан-2050» стратегиясында кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауды ойдағыдай іске асыруға бағытталған белсенді өзара іс-қимыл міндеттерін атап өтті. Меморандумның мақсаты - Алматы облысындағы кәсіпкерліктің  институционалдық негізін қалыптастыру, одан әрі дамыту үшін бірлескен және келісілген іс-әрекеттердің қағидаттарын дамыту.

Меморандумның маңызды міндеттерінің бірі - Алматы облысы бизнес-құрылым өкілдерін сот ақпаратына кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету және бірлескен жобаларды жүзеге асыру институтын дамыту бойынша, сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды реттеу, медиациялық тәсілдерді ілгерілету, медиаторлардың халық арасындағы беделін арттыру.

Меморандум аясында «дөңгелек үстелге» қатысушылар үшін электронды технологиялардың артықшылықтары мен сот ақпараты сервисі таныстырылды. Меморандум аясында ақпарат алмасу, бірлескен конференциялар, форумдар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу жоспарланып отыр.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі