Алматы облыстық соты

Жоғарғы Соттың судьялары салықтық әкімшілендіру мәселелері жөніндегі конференцияға қатысты

03/03/2023

Жоғарғы Соттың судьялары Гүлжан Әлмағамбетованың, Ғалымжан Мырзакенің, Дана Тоқмұрзинаның және Жаңылдық Қашкынбаеваның қатысуымен Қонаев қаласында жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау жөніндегі конференция өтті. Оның жұмысына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов және оның орынбасары Жәнібек Нұржанов қатысты.

Алматы облысында талапкерлерге 90 миллион теңгеге жуық төленген мемлекеттік баж қайтарылды

04/11/2019

Бұл соттарда медиация туралы келісім жасасуға неізделген.

Мәселен,Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты - 59 439 286 теңгені, Қарасай аудандық соты - 14 857 878 теңгені және Талдықорған қалалық соты - 3 284 709 теңгені қайтарды.

Талдықорған қалалық сотының татуластырушы-судьясы Сара Жаңбырбаеваның айтуы бойынша, даулары  реттелген істердің көп бөлігі - неке-отбасылық қатынастарға және қарызды өндіріп алуға қатысты.

4 жылға созылған жер дауы татуласумен шешілді

30/05/2019

Бірінші сатыдағы сот  құмды-қиыршықтасты ұнтақты (ҚҚҰ) өндіріп алумен айналысатын «Альфа» ЖШС-ның талап арызын қанағаттандырудан бас тартқан. Облыс кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен ЖШС арасында жасалған келісімшартқа сәйкес, соңғысына  25 жыл мерзіміне жалпы алаңы 7,8 га болатын тау-кен бөлігі   берілген. Алайда сипаттамасы бойынша жер учаскесінің жарты бөлігі төрт бірдей Шаруа қожалығына тиесілі екені анықталды.

Саламатты өмір салтын қолдау үшін

03/05/2019

Алматы облысының судьялары Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановтың  саламатты өмір салтын танымал ету туралы бастамасын қолдады. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мини-футболдан ректор атындағы кубок үшін судьялардан басқа 16 команда, олардың ішінде, құқық қорғау органдарының, әкімдіктің, білім беру мекемелері мен бюджеттік құрылымдардың өкілдері сайысқа түсті.

Еліс Әбдіқадыров – Алматы облыстық сотының төрағасы

12/04/2019

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин өңірдің судьялар корпусына Алматы облыстық сотыың жаңадан тағайындалған төрағасын таныстырды. Оған бұрын Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы қызметін атқарған Еліс Әбдіқадыров тағайындалды.

Кездесуге облыс әкімі Амандық Баталов, өңірдің мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Талдықорғанда Отбасы орталығы ашылды

05/04/2019

Алматы облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы  Қалдарбек Досымбет пен Қазақстан халқы ассамблеясы филиалы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі  Ғабит Тұрсынбай Отбасы орталығы ашылуының салтанатты рәсімін өткізді. Іс-шара «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында өткізілді.

Алматы облысының Сарқан аудандық соты азаматтарға кедергісіз қызмет көрсету қағидатына көшті

23/01/2019

Фронт-офисті салтанатты ашу рәсіміне  облыстық соттың судьясы Нұргүл Жекенова, аудан судьялары, аудан әкімі Марат Разбеков, мәслихат хатшысы Қадыр Абдрахманов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадыл Жанасбеков, аудан прокуроры Ерлан Андабаев, ІІД-нің бастығы Ербол Ахметқалиев, медиатор Күлшарбан Қалиева және аудандық газеттің бас редакторы  Жомарт Игіман қатысты.

Беттер