Алматы облысында талапкерлерге 90 миллион теңгеге жуық төленген мемлекеттік баж қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұл соттарда медиация туралы келісім жасасуға неізделген.

Мәселен,Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты - 59 439 286 теңгені, Қарасай аудандық соты - 14 857 878 теңгені және Талдықорған қалалық соты - 3 284 709 теңгені қайтарды.

Талдықорған қалалық сотының татуластырушы-судьясы Сара Жаңбырбаеваның айтуы бойынша, даулары  реттелген істердің көп бөлігі - неке-отбасылық қатынастарға және қарызды өндіріп алуға қатысты.

. Орта есеппен судья екі күнде 1 медиация рәсімін жүргізген, бұл соттағы жалпы жүктемені төмендеткен. Бүгінгі күні Сара Жаңбырбаева тараптарды 168 іс бойынша татуластырған, яғни 336 тарап даулы жанжалдардың татуласу арқылы шешілгеніне қанағаттанды.

МАЭС татуластырушы-судьясы Маржан Садуакасова 71 іс бойынша дауды медиация арқылы шешкен, сәйкесінше 142 тарап ортақ мәмілеген келген, ал Қарасай аудандық сотының судьясы Меруерт Конурбаева 59 іс бойынша, яғни 118 тарапты татуластырған.

Тек бір аптаның ішінде, МАЭС миллиондаған ақша қаражатын өндіріп алу туралы дауды медиация тәртібінде реттеу бойынша екі келісімді бекітті.

АҚ мен ЖШС арасындағы істердің біреуі бойынша белгілі шарттар мен талаптар негізінде «айналым қаражатын толтыруға» нысаналы тағайындалуымен   банктік заем келісім шарты жасалды.

Бірақ, жауапкер шарттың міндеттемелерін бұзған, осыған байланысты талапкер сотқа 460 095 АҚШ долларын (179 478 459 теңге) берешекті  және  5 228 244 теңге мемлекеттік бажды өндіріп  туралы талап арызбен жүгінген. Татуластырушы-судья Гүлнар Амирханова медиация рәсімін  жүргізді, оның нәтижелері іске қатысушылары үшін бароығына қолайлы болды, ал талапкерге 5 228 244 теңге төленген  мемлекеттік баж қайтарылды.

Татуластырушы-судья Гүлнар Амирханова медиация рәсімін  жүргізді, оның нәтижелері іске қатысушылары үшін бароығына қолайлы болды, ал талапкерге 5 228 244 теңге төленген  мемлекеттік баж қайтарылды.

Нәтижесінде талапкерге мемлекеттік баж қайтарылатын даулар мен жанжалдарды шешудің баламалы тәсілін белсенді пайдалану татуласу институтын дамытуда халық үшін ынталандырудың негізінің бірі болып табылады.

Медиацияны қолданудың мақсаты – бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға жағдай тудыру болып табылады, оның шеңберінде тараптарға дауларды сотқа дейінгі реттеу өзара тимді ғана емес, сонымен қатар сот ісіне кетуі мүмкін уақыт пен серіктестік қарым-қатынасты сақтап қалуға мүмкіндік беретіні түсінікті болады.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі