Жоғарғы Соттың судьялары салықтық әкімшілендіру мәселелері жөніндегі конференцияға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың судьялары Гүлжан Әлмағамбетованың, Ғалымжан Мырзакенің, Дана Тоқмұрзинаның және Жаңылдық Қашкынбаеваның қатысуымен Қонаев қаласында жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау жөніндегі конференция өтті. Оның жұмысына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов және оның орынбасары Жәнібек Нұржанов қатысты.

Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы Басқарушы Кеңесінің төрағасы Жаннат Ертілесова конференцияны аша келе, іс-шара салық төлеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды ақпарат көзі деп атады.

Ғ.Әлмағамбетова «Соттардың салық заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының негізгі аспектілеріне тоқталды. Оның айтуынша, құжат Салық кодексінің нормаларын қолдану және түсіндіру мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың құқықтық ұстанымдарын айқындайды. Олардың істерді қарау кезінде жергілікті соттар үшін басым маңызы бар. Бұлар заңды тұлғаларды тарату, заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану туралы талап қоюларды, мәмілелерді жарамсыз деп тану жөнінде салық органдары қоятын талаптарды, салықтық әкімшілендірудің өзге де мәселелерін қамтиды.

Д.Тоқмұрзина Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының салық дауларын қарау тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, қатысушыларға камералдық бақылау, салықтық тексерулер және халықаралық салық салу туралы түсіндірілді.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі