Батыс Қазақстан облысының соттары қылмыстық істерді сотқа дейін тергеп- тексеру және қылмыстық процестегі азаматтырдың мүддесін оңтайландыру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық соттарында қылмыстық істерді сотқа дейін тергеп-тексеру және қылмыстық процестегі азаматтырдың мүддесін оңтайландыру мәселелерін зерттеу бойынша үлкен жұмыс өткізілді.

Тергеп-тексеру тиімділігін жақсартуда және жедел әділ сот атқару мақсатында облыс соттарында «Жеделдетілген сотқа дейін өндіріс,  келісім өндірісі және қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға прокуратура, ІІБ, ІІАБ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері, адвокаттар, тергеушілер және анықтаушылар қатысты.

Кездесу барысында сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу тиімділігін қолданудың сапасын жақсартуда және сотқа дейін жеделдетілген іс жүргізу тәртібімен келіп түсетін істердің санын ұлғайту, қысқартылған тәртіпте және келісімдік іс жүргізуде тергеу тиімділігін арттыру және жедел әділ сот төрелігін жүргізу туралы сұрақтар талқыланды.

Сот төрағалары іс жүргізу тәртібі, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жеделдетілген түрінің артықшылықтарын және ерекшеліктерін атап өтті. «Бұл, ең алдымен жеделдетілген  сот төрелігін атқаруда тергеу барысындағы әуре-сарсаңды жояды, мемлекеттіңде және қылмыстық процеске қатысушылардың сот өндірісіне қатысты шығындарды азайтады» деп сот қауымдастығының өкілдері хабарлады.

Жеделдетілген тәртіптегі тергеу тиімділігінің  процессуалдық маңыздылығын ескере отырып, қылмыстық қудалау органдары сотқа дейінгі тергеу сатысындағы тәртіпті сақтай отырып, сол сатыда күдіктілерге (айыпталушыларға) тергеудің жеделдетілген түріне енгізілген құқықтарын және істі сотқа беру тәртіптерін түсіндіру қажет. Жеделдетілген сот дейінгі тергеп-тексеру институты жазаны аз алу мүмкіндігінің кепілі болатындығын, ал жәбірленушілерге сот төрелігі құқықтарына қол жеткізу және келтірілген зиянның жедел өтелетіндігін түсіндіреді.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Батыс-Қазақстан облысының соттары, прокуратурасы және тергеу органдары үш жақты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат қылмыстық процестегі азаматтардың мүддесін оңтайландыру мәселелері бойынша ынтымақтастық механизимін және сапасын арттыра отырып жұмысты жандандыруды,  қысқартылған тәртіпте және келісімдік тәртібімен сотқа дейін іс жүргізудегі істер сапасын арттыруды, сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу тиімділігін қолданудағы әрекеттін анықтайды.

Меморандумға қол қою тергеп-тексеру тиімділігін жақсартуда және жедел әділ сот атқаруда, сонымен қатар сот жүйесінде ашықтықтың жарқын үлесі мен қолжетімділігінде маңызды қадам болды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі