Республика соттары Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізді
Алматы қалалық сотында «Ұлттық сана жаңғыруы және тарихи тұлғалар өнегесі» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысында судьялар, белгілі заңгерлер мен тарихшылар, филолог, этнограф ғылымдар, республиканың еңбек сіңірген қайраткерлері, отставкадағы судьялар мен БАҚ өкілдері қатысты.