Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Е.Айтжанов Жамбыл ауданына барып, аудан белсенділерімен және тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іссапарға облыстық соттың судьялары мен сот жүйесінің ардагерлері де барды.

Аудан орталығы Пресновка селосында судьялардың аудан белсенділерімен кездесуі өтті. Кездесуді аша отырып, Е. Айтжанов Жамбыл ауданы Қожаберген жырау, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шухов, Сафуан Шаймерденов сияқты көптеген атақты тұлғалардың кіндік қаны тамған жер екенін атап өтті. Олардың әрқайсысы Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына орасан үлес қосты. Е.Айтжанов «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы Елбасымыздың тезисі «ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» екенін басып айтты.

Е.Айтжанов сот жүйесінің жетістіктерінің бірі ретінде 13 қыркүйекте цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңестің шеңберінде іске қосылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығын атап көрсетті, еліміздегі сот құрылымы мен сот ісін жүргізу тәртібі түбегейлі өзгеріске ұшырағанын айтты, Жоғарғы Соттың қылмыстық процесті реформалауға бағытталған жұмыстарына толығырақ тоқталды.

Е.Айтжановтың келуіне орай, сот ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізіліп, ауданның кәсіпкерлері мен тұрғындары өз сұрақтарына толыққанды жауап алуға мүмкіндік алды. Жеке назарға алуды талап ететін сұрақтар бойынша облыстық соттың төрағасы нақты тапсырмалар берді.

Облыстық сот судьялары И.Шуховтың мұражай-үйіне, Пресновка жалпы білім беру мектебінде орналасқан Қожаберген жыраудың мұражайына барды, ауданның этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті, Жаңажол ауылындағы Ғ.Мүсіреповтің мұражайына және Сәбит ауылындағы С.Мұқановтың мұражай-үйіне барды.

Мұражайларда делегация көрнекті тұлғалар өмір сүріп, еңбек еткен замандағы тұрмыстық заттармен, олардың жеке заттарымен және экспонаттармен, өнер туындыларымен, фотосуреттермен танысты. Мысалы, мұнда Иван Шуховтың және Сәбит Мұқановтың баспа машинкасы, Ғабит Мүсіреповтің домбырасын және т.б. көруге болады.

Олардың жеке заттары ғана емес, сонымен бірге жиһаздары мен жатын бөлмелері өзгермеген күйде сақталғаны - тамаша көрініс. Атақты тұлғалар өмір сүрген үйлер ақырында мұражайға айналып, бүгінгі күнде тарихи құндылыққа айналып отыр.

Экскурсия соңында делегация Қожаберген жырау мазарына барды.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі