Архив событий

28/09/2017

Алматы облыстық сотының төрағасы М.Таймерденов Райымбек және Еңбекшіқазақ аудандар тұрғындарымен кездесті

28/09/2017

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов Райымбек ауданы тұрғындарының активімен кездесті.

Кездесуге аудан және ауылдық округтерінің әкімдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен оқу орындарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында М.Таймерденов қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметінің өзге де аспектілерін жетілдіру, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің жұмыстарына, «Талдау» форумының ақпараттық-талдамалық қызметінің жетістіктеріне тоқталып өтті.

Сот жүйесінің өкілі «Тіл шебері - 2017» республикалық конкурсының бас жүлдесін иеленді

28/09/2017

«Тіл шебері - 2017»  республикалық конкурсына сот жүйесінің атынан қатысқан Есіл аудандық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы Нұрдәулет Арыстанбеков жоғары марапат – бас жүлдеге және үздік полиглот атағына лайық деп танылды. Оған лауреат дипломы мен ақшалай сыйлық табысталды.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев ғылыми қауым өкілдерімен кездесу өткізді

28/09/2017

Жамбыл облыстық соты мен Судьялар Одағы облыстық филиалы Шу ауданының Белбасар ауылдық округінде «Ұлттық сана жаңғыруы және тарихи тұлғалар өнегесі» тақырыбында өңірлік ғылыми конференция өткізді.

Іс-шараға  филиал төрағасы Тахмина Сұлтанова, Шу ауданының әкімі Қайрат Досаев, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, ғалымдар, Қазақстан Халықтар Ассамблеясының өкілдері, аудан активі мен БАҚ өкілдері қатысты.

Атырауда судьялар және зиялы қауым өкілдері Елбасының бағдарламалық мақаласын талқылады

28/09/2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын бүкілхалықтық талқылау аясында Атырау облыстық соты мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті бірлесіп «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов Шыңғырлау ауданының тұрғындарымен кездесті

28/09/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов Шыңғырлау ауданында болған жұмыс сапары барысында сот ғимаратында «Ашық есік» күнін және жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді.

Іс шараға медиаторлар,  адвокаттар, жергілікті тұрғандар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шығыс Қазақстан облысында қызмет бабымен болып қайтты

28/09/2017

Заңнама және сот-құқықтық реформасы бойынша комитеттің төрағасы Нұрлан Әбдіров, комитет мүшелері Светлана Бычкова, Арман Қожахметов, Снежанна Имашева Шығыс Қазақстан облыстық сотында болып, сот жүйесіне енгізіліп жатқан жаңашылдықтарымен және сот жұмыстарымен танысты.

Банкрот рәсіміне қатысушы тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында ЖШС басшысынан 900 миллионнан аса теңге өндіріліп алынды

28/09/2017

Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық соты банкротты басқарушының жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысына соманы өндіріп алу және субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.