Украинада жүрген азамат «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы Петропавлда өткен сот процесіне қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты субсидиарлық жауапкершілікке тарту тәртібімен соманы өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Үшінші тұлғаның – мемлекеттік компанияның Киевте болуына байланысты, оның басшылығы өз өкілінің процеске «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы қатысуына өтініш білдірді. Мобильді мессенджер процеске қатысушысының қашықтықтан түсініктеме беруіне мүмкіндік жасады.

Сол күні аталған іс қаралып, талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарылды. 

«Виртуалды» сот процестерін өткізу аумақтық кедергілерді жоятыны, оларды еңсеру үшін уақытты және материалдық ресурстарды үнемдейтіні, сот төрелігіне еш кедергісіз әрі ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі