40 миллионнан астам берешекті өндіріп алу жөніндегі дау татуласу арқылы шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық сотына ТОО-дан 41 894 856 теңге өндіріп беру туралы талап арызбен А. жүгінген. Талап қоюшы талабында жауапкердің келісімшарт бойынша тауарды жеткізуге міндеттеме алғаны, бірақ әлі күнге дейін міндеттерін орындамағаны туралы уәж келтірген.

Сот талқылауы барысында тараптарға олардың татуласу құқықтары, сондай-ақ татуласу келісімінің, дауды (шиеленісті) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің  және дауды партисипативті рәсім тәртібімен реттеудің тәртібі, салдарлары мен артықшылықтары түсіндірілді. Татуласу тәртібі айқындалғаннан кейін тараптар сотқа дауды медиациялық келісім жасасу арқылы реттеу туралы бірлескен өтінішхат берді.

Нәтижесінде сот тараптардың арасында медиациялық келісімді бекітті, оған сәйкес талапкер өз талабынан бас тартты, ал жауапкер, өз кезегінде, талапты мойындап, 41 894 856 теңгенің тауарын белгіленген мерзімде жеткізуге міндеттеме алды.

Бұл жағдайда татуласу ұзаққа созылатын сот талқылауының, шығындардың және мемлекеттік баж төлемінің алдын алды. Медиациялық келісім жасасудың артықшылығы талапкерге 418 949 теңге мемлекеттік баждың қайтарылуы болды.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. 

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі