Солтүстік Қазақстан облыстық сотында қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғырту жолы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға судьялар, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, облыстық әкімдіктің өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» жұмысын аша келе, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақыт Қасейінов латын әліпбиіне көшу басқа этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне, Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікте бейімделуіне барынша тиімді әсер ететін заман талабы екенін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақмарал Ибраева латын әліпбиіне көшу қазақ тілін дамудың жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік беретініне сенімді.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент Татьяна Ахметова латын графикасына көшудің терең логикасы бар, бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­м мен білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты екенін атап өтті.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Бердібек Мұстафин, облыстық әкімдіктің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Кемел Оспанов, қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Гүлфайруз Сенбаева өз баяндамаларында латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне шолу жасап, осы бағыттағы реформаның кейбір мәселелері жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушылар тілдің болашағы әліпбиге байланысты деген ортақ пікірге тоқталды. Қазақстан үшін бұл реформа - бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған сапалы қадам. 

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі