Солтүстік Қазақстан облысының судьялары банкроттық рәсімдерде субсидиялық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Банкроттық рәсімдерде туындайтын даулар бойынша істерді қарау кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Талқылауға судьялар, банкроттық, конкурстық басқарушылар, уәкілетті орган, прокуратура, Кәсіпкерлер палатасы және адвокатура өкілдері қатысты.

Облыстық соттың судьясы Жанар Кенжебаева іс-шараны аша отырып, 2017 жылғы 18 сәуірде Жоғарғы Соттың «Оңалту және банкроттық жайлы заңнаманы қолдану практикасы туралы» нормативтік қаулысына енгізілген өзгеріс заңды күшіне енгенін атап айтты, заңнаманы бірыңғай қолдану мақсатында төлем қабілетін реттеу рәсімдерін қолдану, борышкердің лауазымды тұлғасы және құрылтайшысын субсидиялық жауапкершілікке тарту мәселелері нақты түсіндірілген.

Нақты осы мәселелер «дөңгелек үстел» қатысушыларының тарапынан аса қызығушылық тудырды.

Солтүстік Қазақстан облысында 102 борышкер кәсіпорын бойынша банкроттық рәсімдер жүргізілуде.

Борышкердің лауазымды тұлғасы және құрылтайшысын субсидиялық жауапкершілікке тарту мақсаты банкроттық рәсімге қатысатын тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау болып табылады.

Дайындау кезеңінде банкроттық басқарушыларда, сондай-ақ соттың іс жүргізуінде субсидиялық жауапкершілікке тарту туралы бірқатар талап қоюлар бар, әдетте, осындай талап қоюлардың мөлшері елеулі, несие талаптарының жалпы сомасына тең және кейбір жағдайларда жүз миллион теңгеге жетеді.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары Жоғарғы Сот берген түсіктемелердің есебімен осындай дауларды шешу ерекшеліктерін талқылады.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері субсидиялық жауапкершілікке тарту үшін негіздемені жоққа шығару, сондай-ақ, жалпы кәсіпорындардың төлем қабілеттерін қалпына келтіруге бағытталған заңнамада көзделген рәсімдерді түсіндіру мақсатында оңалту және банкроттық туралы заңнама талаптарын сақтау туралы өңірдің шаруашылық субъектілерінің құрылтайшылары мен басшыларының мәліметіне жеткізу қажеттілігі жайлы өз пікірлерін білдірді.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі