Жоғары Сот

«Егемен Қазақстан» газетінде Жоғарғы Сот Төрағасының «Тәуелсіз елдің тұғырнамасы» атты мақаласы жарияланды

26/08/2016

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі нөмірінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің «Тәуелсіз елдің тұғырнамасы» атты мақаласы жарияланды. Мақала ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай ашылған «25 жылдың 25 сәті» атты арнайы айдар шеңберінде жарық көрді.

Автор мақалада тәуелсіз Қазақстан дамуындағы Конституцияның әлеуетін саралап, отандық сот жүйесінің даму үрдісі туралы келелі ойларымен бөліскен.

Жоғарғы Сот «Теңіз-Шевройл» ЖШС-нің дауды Астана сотында қарау туралы құқығын таныды

22/08/2016

«Теңіз-Шевройл» ЖШС-гі сотта "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Атырау облысы бойынша Департаментінің коммерциялық ақпаратты талап ету жөніндегі әрекетіне дау айтты.

Осы дау бойынша азаматтық іс бірінші сатыдағы сотпен Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданған.

Қарағанды облысы соттарының мерзімді кәсіби қызметін бағалау бойынша ақпарат

17/08/2016

Сот жюриінің біліктілік комиссиясы 2016 жылдың 8-12 тамызы аралығында Қарағанды облыстық соттары судьяларын мерзімді кәсіби қызметін бағалаудан өткізді.

Кәсіби қызметі бағаланатын судьяларға, еңбек өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі аралықта болатын судьялар кіреді.

Электронды сот төрелігі жүйесі қарқын алуда

03/08/2016

Қазақстан Республикасында электронды сот төрелігі жүйесі қарқынды дамып келеді.

2014 жылдың шілде айында электронды талап арыздарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы онлайн түрде беру жүйесі жүзеге асырылып, іске қосылды. Бұл сервис халық арасында кеңінен танылып үлгерді. Бұған дәлел есепті кезеңде жалпы 367 691 талап арыздың 266 874-і «Сот кабинеті» сервисі арқылы келіп түсті, бұл, өз кезегінде, электронды талап арыздардың 72,6%-ын құрайды. Талап арызды онлайн режимде беру мүмкіндігі «Электронды үкімет» порталында да қарастырылған.

Беттер