Жоғары Сот

Жоғарғы Cот судьялары Сот төрелігі Академиясының тыңдаушыларымен әкімшілік істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді талқылады

05/04/2017

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының судьялары Талғат Баратбеков, Бейбіт Шермұхаметов, Денис Шипп және  Нұржан Жолдасбеков арнайы ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» жұмысына қатысып, Сот төрелігі академиясының тыңдаушылармен бірлесіп, әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Астана қаласының сотында сот пен прокуратураның «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесі таныстырылды

05/04/2017

Бүгін Астана қаласының сотында Жоғарғы Соттың Бас прокуратурамен бірлесіп ұйымдастыруымен «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесін қолдану бойынша семинар өтті. Іс-шараны Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жүргізді. 

Жоғарғы Сотта Сот оқуы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

05/04/2017

Кеңес мүшелері жергілікті соттардың судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру мәселелерін, Сот төрелігі академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар туралы есебін, сондай-ақ Академияда оқу процесін жүзеге асырудың негізі – сот қызметкерлеріне білім беру моделін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.

Жоғарғы Сотта «Болашақ» стипендиясының иегері атанған судьялармен және сот жүйесінің қызметкерлерімен кездесу өтті

03/04/2017

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016 жылғы стипендиаттары – судьялармен және сот жүйесінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге Халықаралық орталықтың басқарушы қызметкерлері мен судьялар да қатысты.

Конституция мен өзге де заңдардың өзгеруіне орай Жоғарғы Сот өзінің бірқатар нормативтік қаулыларына түзетулер енгізді

31/03/2017

Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

Оның жұмысына Жоғарғы соттың алқа төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Ұлттық Банктің, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ Жеке сот орындаушылары республикалық палатасы мен Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Орхус Конвенциясын қолдану бойынша Қазақстанның сот практикасы Конвецияға қатысушы елдерге ұсынылатын болады

28/03/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Бейбіт Шермұхаметов 2017 жылғы 27-28 ақпанда Швейцарияның Женева қаласындағы Ұлттар сарайында өткен «Ақпаратқа қолжетімділік туралы конвенция шеңберінде сот төрелігіне қол жеткізу, жұртшылықтың қоршаған орта мәселелері бойынша сот төрелігіне қолжетімділік пен шешім қабылдау процесіне қатысуы бойынша мақсатты топтар» атты 10-кеңес отырысының жұмысына қатысты.

Құрметті оқырмандар!

18/03/2017

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Наурыз – Шығыс халықтарының көнеден келе жатқан мейрамы, табиғат пен тіршілік жаңаратын бұл күн біздің елімізде Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылғы 15 наурыздағы Жарлығына сәйкес бұл мереке мемлекеттік деңгейде аталып келеді. Осы уақыттан бастап Наурыз біздің қоғамда бірлік, тұрақтылық пен келісім секілді құндылықтардың нығаюына ықпал етіп келеді.      

Республика соттарында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өтті

18/03/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов қатысушыларға мейірімділік пен бейбітшілік, молшылық пен амандық, денсаулық пен өзара түсініспеншілік тіледі.

Наурыз мейрамын мерекелеудің барлық салттарын көрсету үшін іс-шара байқау түрінде өтті. Облыстың аудандық және қалалық соттары төрт тосыннан шығарылған ауылға бөлінген, олар спорттық жарыстарда, сондай-ақ, дәстүрлер мен салттарды көрсетуде сайысты.

Қазақстанның судьялар делегациясы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барды

17/03/2017

Инвестициялар және инвестициялық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық құқық нормаларын зерделеу мақсатында Қазақстанның судьялар делегациясы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барды.

Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесі және АХҚО қызметіне қатысты заңдарға қол қойды

14/03/2017

2017 жылдың 13 наурызында Мемлекет басшысы «Кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Беттер