Жоғары Сот

Жоғарғы Сотта «Сот процестері мен құжаттаманы аударудың әдіс-тәсілдері» атты семинар-тренинг өтті

30/11/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта «Сот процестері мен құжаттаманы аударудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жазбек Әбдиев, Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері мен «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» республикалық конкурсының қатысушылары – аудандық және облыстық соттардың қызметкерлері қатысты.  

Өзбекстанда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Соттары төрағаларының кеңесі өтті

25/10/2017

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Ташкент қаласында (Өзбекстан) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Соттары төрағаларының кеңесіне қатысты. Іс-шараға Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан Жоғарғы Соттарының төрағалары мен судьялары, сондай-ақ ШЫҰ-ның Бас хатшысы С.Имандосов та қатысты.

Түркияның судьялары мен прокурорларынан құралған делегация Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді

24/10/2017

Бүгін Түркияның Жоғарғы Сот төрағасы бастаған Исмаил Рюштю Джирит делегация Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді. Оның құрамына Түркия Жоғары кассациялық сотының Бас республикалық прокуроры Мехмет Акарджа, Түркияның Әділет министрінің орынбасары Шабан Йылмаз, сондай-ақ түрлі деңгейдегі судьялар, прокуратура және әділет органдарының өкілдері кірді.

Жоғарғы Сотта «Атамекен» ҰКП өкілдерімен кездесу өтті

13/10/2017

Іс-шараға «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, сондай-ақ департаменттердің бірқатар директорлары қатысты. Сот жүйесінен – Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров, жоғары сот органының судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы қатысты.

Кездесудің мақсаты – Қазақстанда бизнес ортаны жақсарту бойынша ағымдағы мәселелерді талқылау.

БАҚ бас редакторлары Жоғарғы Сот Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты

13/10/2017

Бүгін Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесті. Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары Лариса Шепелева мен Денис Шипп, Департаменттің жауапты қызметкерлері де қатысты.  

Кездесу барысында БАҚ өкілдеріне Сот органдары ахуалдық орталығының жұмысы таныстырылды. Іс-шараға барлығы 25 шақты масс-медиа редакторлары қатысты.

Жоғарғы Соттың судьясы А.Қасымовқа заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді

10/10/2017

Жоғарғы Соттың судьясы Ақылтай Қасымов Болгарияның Варна университетінде «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шаралары: теориялық мәселелері мен тәжірибесі» тақырыбында заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны сәтті қорғады.

 «Қылмыстық процесс» мамандығы бойынша ғылым докторлары, Ғылыми қазылар алқасының жеті мүшесі Қасымов Ақылтай Ахметжанұлына заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру туралы шешімді бірауыздан қабылдады.

Департамент басшысы Н.Шәріпов Ахуалдық орталықтың жұмысы бойынша жергілікті соттардың әкімшілерімен жұмыс кеңесін өткізді

09/10/2017

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығында жергілікті соттардың әкімшілері мен өкілдеріне бейнеконференцбайланыс жүйесімен жұмыс кеңесін өткізді.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бірқатар нормативтік қаулыларды қабылдады

06/10/2017

Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді. Іс-шараға Жоғарғы Соттың алқа төрғалары мен судьялары, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, әділет, ішкі істер, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, дін істері және азаматтық қоғам министрліктерінің, Ұлттық Банк пен Кәсіподақтар федерациясының жауапты қызметкерлері қатысты.

Астанада заңгерлерлік кәсіпті реттеудің өзекті мәселелері талқыланды

06/10/2017

Бүгін «Rixsos»  қонақ үйінде «Қазақстан Республикасындағы заңгерлік кәсіпті реттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шараны Әділет министрлігі мен Жоғарғы Сот «Kazakhstan Bar Association» Қазақстандағы коммерциялық заңгерлер алқасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жоғарғы Сот судьясы Е.Максюта «Мемлекеттің ашықтығы және есептілігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясаттың негізі» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

29/09/2017

Форумды  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар ұйымының даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, халықаралық, үкіметтік емес, құқық қорғау, кәсіподақ ұйымдармен қатар, азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.

Беттер