Жоғары Сот

Жоғарғы Соттың жалпы отырысында екі нормативтік қаулының жобасы талқыланды

19/01/2018

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері қатысты. Бұған қоса, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Әділет, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері де қатысты.  

Жоғарғы Сот 2017 жылдың қорытындысын шығарады

19/01/2018

Соттарды алда не күтіп тұр? Қазақстан дамыған елдердің отыздығына кіруі үшін сот билігі мен әрбір судья не істеуі керек? Азаматтардың соттарға сенімін арттырудың жолдары қандай?

Осы және өзге де сұрақтар сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысы бойынша өтетін кеңейтілген кеңесте талқыланады.

Іс-шараға бейнебайланыс арқылы жергілікті соттар, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, прокуратура, адвокатура, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

«Сот кабинетінің» дизайны жаңарды

18/01/2018

Дизайны жаңарған «Сот кабинеті» сервисінің барлық қолданушыларына Жоғарғы Соттың «Сот актілерінің банкі», «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестесі», «Хабарламаға сот құжаттарын көру» және «Сотқа шақыру қағазы секілді онлайн-сервистері авторизация жасамай-ақ қолжетімді болып отыр. 

Жаңа дизайнда қолданушыларға барынша ыңғайлы болуы үшін арыздарды, шағымдарды, өтініштер мен өтінішхаттарды беру тәртібі өзгеріссіз қалды.

Жоғарғы Сот Төрағасы БҰҰДБ өкілдерімен кездесті

18/01/2018

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты Өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерелмен кездесті.

Тараптар Жоғарғы Сот пен БҰҰДБ-ның таяу келешектегі ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады.

Мемлекет басшысы тергеу соттарын құру туралы Жарлыққа қол қойды

16/01/2018

Жарлыққа сәйкес республиканың барлық 14 облыс орталығында, Астана мен Алматыда мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары құрылды.

Тергеу соттары адамның және азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуді көздейтін Ұлт Жоспарының 22-қадамын іске асыру мақсатында құрылды.

Жоғарғы Сот құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызметін көрсету процесін оңтайландырды

12/01/2018

Азаматтар үшін әкімшілік кедергілерді жеңілдету мақсатында Жоғарғы Сот сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді одан әрі оңтайландыру жұмысын жүзеге асырды.

Оңтайландыру процесі апостиль қою бойынша Жоғарғы Соттың өкілеттігін облыстардағы аумақтық органдарға бере отырып, функциялардың орталықсыздандыруын көздейді.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы түскен өтініштер бойынша қызмет көрсетудің мерзімі 20-дан 5 күнге дейін қысқартылды.

Жоғарғы Сотта екі нормативтік қаулының жобасы талқыланды

25/12/2017

Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер, Әділет министрліктерінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес екі нормативтік қаулының жобасы талқыланды.

Сот оқуы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

22/12/2017

Отырыс жұмысына Жоғарғы Соттың алқа төрағалары Абай Рахметулин, Еліс Әбдіқадыров пен Айгүл Қыдырбаева қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға жоғары сот органының судьялары, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Сот төрелігі академиясының өкілдері де қатысты.

Жоғарғы Соттың судьясы Айгүл Сапарова салық заңнамасын қолдану туралы семинар өткізді

21/12/2017

«Бизнестің мүддесін сотта қорғау» жобасын іске асыру шеңберінде «Салық заңнамасын қолданудағы сот практикасы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына бейнебайланыс арқылы республиканың 16 өңірінен 800-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында жергілікті соттардың 332 судьясы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалдарының 53, прокуратура және адвокатураның 17, өзге де мемлекеттік органдардың 49 өкілі бар.     

Беттер