Жоғары Сот

Жоғарғы Сотта Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

15/12/2017

Іс-шараға еліміздің жоғары сот органының алқа төрағалары мен судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Салтанатты шараны аша келе, Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асанов жиынға қатысушыларды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оларға алдағы жұмыста сәттілік тіледі.

Қылмыстық сот ісін электронды форматта жүргізу

14/12/2017

Жоғарғы Сот Бас прокуратура және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ағымдағы жылы Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының және Астана қаласы соттарында «Электронды қылмыстық іс жүргізу»  жобасын енгізу жұмысын бастады.

Жоба дәлелдемелерді жинау және іс жүргізу құжаттарының айқындылығын арттыруға, материалдарды бұрмалау тәуекелдердін төмендетуге, материалдық және уақыт шығындарын, жүктемені, тергеу және сот органдары рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.

Жоғарғы Соттың жаңа Төрағасы Жақып Асанов таныстырылды

11/12/2017

Бүгін еліміздің жоғары сот органының ғимаратында Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков судьялар мен аппарат басшылығына Жоғарғы Соттың жаңа Төрағасы Асанов Жақып Қажыманұлын таныстырды. Мәми Қайрат Әбдіразақұлы Конституциялық Кеңестің Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ә.Жақсыбеков Президенттің жаңа кадрлық тағайындаулар туралы Жарлығын оқыды.

Жоғарғы Сот судьясы А.Қасымов Брюсселде өткен Әділет министрлерінің 5-конференциясына қатысты

11/12/2017

Ақылтай Қасымов Орталық Азия және Еуропалық Одақ елдері Әділет министрлерінің құқық үстемдігі мәселелері бойынша бесінші конференциясының жұмысына қатысты.

Форум Брюсселде (Бельгия) ЕуроОдақ бастамасы бойынша өтті, оған Орталық Азия елдері мен ЕО-ға мүше мемлекеттерден келген делегаттар қатысты.

Жоғарғы Сотта сот төрелігі мәселелері бойынша Еуропа Кеңесі сарапшылар құрылымдары өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті

07/12/2017

Бүгін Қазақстанның Жоғарғы Сотына Еуропа Кеңесінің сарапшылары келді. Делегация құрамына Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропа Кеңесінің Еуропалық комиссиясының президенті (СТЕК) Георг Става,  Еуропалық судьялар консультативтік кеңесінің мүшесі (ЕСКК) Герхард Рэйснер мен СТЕК хатшысы, Еуропа Кеңесінің адам құқықтары және құқық үстемдігі бас директораты Сот төрелігі мен құқықтық ынтымақтастық департаментінің сот төрелігінің тәуелсіздігі және тиімділігі дивизиясының басшысы Стефан Лайенбергер кірді.

Жоғарғы Сотта АХҚО судьяларымен кездесу өтті

06/12/2017

Еліміздің жоғары сот органының ғимаратында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) жаңадан тағайындалған судьяларымен кездесті.

Іс-шараға АХҚО-ның басқарушысы Қ.Келімбетов, Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қыдырбаева, Жоғарғы Сот судьясы М.Балкен, АХҚО сотының төрағасы Лорд Гарри Кэннэт Вульф, сондай-ақ аталған соттың судьялары қатысты.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысының жаңа хатшысы сайланды

05/12/2017

Бүгін еліміздің жоғары сот органының жалпы отырысы өтті. Бірқатар кадрлық мәселелер қаралды.

Жалпы отырыстың қазіргі хатшысы, Жоғарғы Соттың судьясы Қ.Шаухаров хатшы қызметінен босату туралы өтініш берді. Ол қолдауын тапты. Қайрат Мәми Жалпы отырыстың жаңа хатшысы лауазымына Жоғарғы Соттың судьясы Әлмағамбетова Гүлжан Жақсылыққызының кандидатурасын ұсынды.

Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

04/12/2017

Бұл күні Қ.Мәмидің қабылдауында республика бойынша 8 адам болды.

Жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шығарған сот шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. Осы азаматтарға заңнамаға сәйкес жоғары сот сатыларына шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Сот Төрағасының қабылдауында болғандардың барлығы өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Жоғарғы Сот ұжымы Жазбек Әбдиевті құрметті демалысқа шығарып салды

04/12/2017

Бүгін Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жазбек Әбдиевтің зейнетке шығуына орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараға еліміздің жоғары сот органы аппаратының басшылығы мен құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері қатысты.

Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті

30/11/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын болып өтті.

Іс-шараға алқа төрағалары мен Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Беттер