Жоғары Сот

Жоғарғы Сот Төрағасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

28/06/2017

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми БАҚ басшылары мен қызметкерлерін кәсіби мереке – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Іс-шараға жоғары сот органының сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы қатысты. 

Қырғызстан Жоғарғы Сотының өкілдері Қазақстанның электронды сот ісін жүргізудегі жетістіктерімен танысты

21/06/2017

Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес ағымдағы жылғы 21-22 маусымда Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаментінің делегациясы Қазақстанның жоғары сот органына келді.

Президент судьялыққа кандидаттардың жас шектелімін 30 жасқа дейін арттыруды көздейтін конституциялық заңға қол қойды

16/06/2017

Конституциялық заң бірқатар конституциялық заңдарды Конституцияның нормаларымен сәйкестендіру мақсатында қабылданды.  «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституиялық заңға өзгерістер енгізілді.

Жоғарғы Сотта банктік заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері талқыланды

16/06/2017

Бүгін Жоғарғы Соттың ұйымдастыруымен Бас прокуратураның бастамасымен қолға алынған «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың негізгі критериі» атты бірлескен жобаны жүзеге асыру аясында «Банктік заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері» атты «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары,  Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктердің, «Атемекен» ҰКП мен Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері қатысты.

Жоғарғы Сотта ABA ROLI ұйымының медиация жөніндегі сарапшысы А.Залармен кездесу өтті

16/06/2017

Еліміздің жоғары сот органында Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева ABA ROLI ұйымының медиация жөніндегі сарапшысы А.Залармен кездесу өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары мен аппарат қызметкерлері, ABA ROLI-дің сот жүйесі бойынша бағдарламасының мамандары мен Қазақстан Республикасының жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері қатысты.

Қ.Мәми Алматы қалалық сотының жаңа төрағасын таныстырды

15/06/2017

Бүгін Алматы қалалық сотында қала соттарының 2017 жылғы 5 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша судьялардың кеңейтілген кеңесі өтті.

Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, қала прокуроры Ғабит Миразов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Нұрлан Мәжілов, Ішкі істер департаментінің бастығы Серік Күдебаев, сондай-ақ жергілікті бірқатар мемлекеттік органдардың, қаладағы соттардың қызметкерлері қатысты.

«Казахстанской правде» газетінде «Суд биев – аккумулятор для национального кода» тақырыбында Қайрат Мәмидің сұхбаты жарияланды

14/06/2017

«Казахстанская правда» газеті тілшісінің сұрақтарына жауап бере келе, Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми билер соты институтының мемлекеттілікті және Қазақстан қоғамының құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы негізгі аспектілері туралы ойларымен бөлісті. Әңгіме барысында Қ.Мәми: «Билердің сот-құқықтық және әкімшілік-басқару, даулар мен шиеленістерді шешу функцияларын орындау барысындағы қызметінің рухани мазмұны – Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап өткен қайталанбас ұлттық кодтың құрамдас бөлігі болып табылады.

Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің үшінші отырысы өтті

26/05/2017

Бүгін Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің отырысы өтті. Іс-шараны Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми жүргізді. 

Отырысқа Халықаралық кеңестің мүшелері, еліміздің жоғары сот органының судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Жоғарғы Сотта алаяқтық жөніндегі қылмыстық істер туралы мәселелер қаралды

19/05/2017

Бүгін еліміздің жоғарғы сот органында «Алаяқтық жөнінде қылмыстық істі қарау кезіндегі түйіткілді мәселелер» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. Іс-шараны Жоғарғы Сот Герман Халықаралық құқықтық  ынтымақтастық қорының (IRZ) бірлесіп ұйымдастырды. 

Астанада дауларды шешу бойынша заңгерлік форум өтті

19/05/2017

Бүгін елордадағы «Қазжол» қонақ үйінде дауларды шешу бойынша заңгерлік форум өтті. Іс-шара «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Линкольн Браун» заңгерлік компаниясының бастамасымен ұйымдастырылды.

Беттер