Жоғары Сот

Қ.Мәми Египет Араб Республикасы Конституциялық Жоғарғы Сотының Төрағасымен кездесті

13/03/2017

Бүгін Қайрат Мәми Египет Араб Республикасы Конституциялық Жоғарғы Сотының Төрағасы Әбдел Разек Әбдел Вахабпен кездесті. Іс-шараға Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин де қатысты.

Құрметті ханымдар!

07/03/2017

Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл мерекені бүкіл республика жұртшылығы, барлық ұжым мен әрбір отбасы атап өтеді. Осы мереке қазіргі әйелдердің көп қырлы болмысын дәйекті сипаттауға тамаша мүмкіндік береді. Қазақстан қоғамында әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар, кәсіби маман және жауапты лауазым иесі. Сондықтан да айтулы мереке қарсаңында абзал аналар мен аяулы аруларға лайықты сый-құрмет көрсетілуі – елдігіміздің белгісі.

Республика соттарында 8 наурыз мерекесіне орай салтанатты іс-шаралар өтті

07/03/2017

Ақтөбе облыстық сотында Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға облыс судьялары мен жауапты мамандар қатысты. Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай Мемлекет басшысы гендерлік саясатқа әрдайым айрықша мән беріп келе жатқанын атап өтті.  Судьялар мен жауапты мамандары  да сот саласында қызмет атқара жүріп, еліміздің сот жүйесінің дамуына зор үлестерін қосуда. Қазіргі таңда әйелдердің жауапты қызметтерде жұмыс атқаруларына барлық мүмкіндіктер жасалған.   

Парламент Сенаты Жоғарғы Соттың сот жүйесіне қатысты әзірлеген заң жобаларын мақұлдады

03/03/2017

Парламент Сенаты Президенттің 2016 жылғы 14 маусымдағы кеңесінде Ұлт Жоспарын одан әрі іске асыру бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірлеген «Кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметі мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын мақұлдады.

Жоғарғы Сотта «Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу» тақырыбындағы «дөңгелек үстелдің» отырысы өтті

24/02/2017

Іс-шараға Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми кеңестің мүшесі, Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы – Р.Юрченко, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Әділет министрлігінің, Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің өкілдері қатысты.

Астана қалалық сотында еңбек дауларын қарау кезіндегі жаңа Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері талқыланды

23/02/2017

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан кәсіподақтарының федерациясының бастамасымен Астана қалалық сотында «Еңбек дауларын қарау кезінде жаңа редакциядағы Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Парламент Мәжілісінің, Бас прокуратураның, Республикалық адвокаттар алқасының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстанның Кәсіподақ федерациясының, ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ашгабад Қазақстанның сот реформасы жөніндегі тәжірибесін зерделеуде

23/02/2017

Ашгабадта (Түркіменстанда) Түркіменстанның Жоғарғы Сотының ынтамақтастығымен Еуропа Одағының қолдауымен «Орталық Азия елдеріндегі сот төрелігінің ұлттық жүйелерін жақсарту мақсатында халықаралық құқық саласында білім беру және алмасу» Еуропа Одағы жобасының аясында Халықаралық заңгерлер комиссиясы (ХЗК) ұйымдастырған семинар өтті.

Жоғарғы Сот «Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) заңсыз деп тану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді

17/02/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта «Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) заңсыз деп тану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шарада Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы іс-шараны аша отырып, сөз сөйледі.

Қ.Мәми Қазақстандағы Кореяның төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

15/02/2017

Астанада Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстандағы Кореяның төтенше және өкілетті елшісі Чо Ёнг-чон мырзамен кездесті.

Жоғарғы Сот Төрағасы екі елдің арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы айта келе: «Корея Республикасы Шығыс Азиядағы Қазақстанның басты серіктесінің бірі болып табылады. Біз корейлік серіктестіктермен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз», - деді.

Беттер