Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Түсіндірме жазба

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне сайлау заңнамасы мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының жобасына
Түсіндірме жазба

 

р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Үкіметтің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысымен бекітілген, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының 23-тармағына сәйкес әзірленген.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды

4.

Жобаны іске асыруға
байланысты болжанатын
қаржылық шығындар

Республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың
нақты мақсаттары,
күтілетін нәтижелердің
мерзімі мен болжанатын
тиімділігі

Заң жобасының мақсаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларын біріздендіру

6.

Жобада қаралатын
мәселелер бойынша
Президенттің және/немесе
Үкіметтің бұрын
қабылданған актілері
және олардың іске
асырылу нәтижелері
туралы мәліметтер

Қабылданған жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға
сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасымен басқа ұйымдарда өткізілген жағдайда қосымша сараптаманың (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқалар) нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұялы кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің ұялы жабдықтарына материалдарды (көшірмелерді) беруге рұқсат етіледі