Конституциялық заңының жобасына түсіндірме жазба

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық
заңының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Әзірленген «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы (бұдан әрі – Конституциялық заңның жобасы) сайлау құқықтарын бұзу туралы арыздарды соттардың қарау тәртібін жетілдіруге бағытталған.

 Конституциялық заңның жобасы Үкіметтің 2012 жылғы
29 желтоқсандағы № 1778 қаулысымен бекітілген, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының 22-тармағына сәйкес әзірленген.

Сайлау құқықтарын қорғау жөніндегі істер бойынша сот шешімдеріне апелляциялық шағым беру институтын енгізу, аталған санаттағы істерді қараудың мерзімдерін біріздендіру көзделіп отыр.

Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
С. Ахметов