Заңының жобасына түсіндірме жазба

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі оңайлату, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі оңайлату, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) Үкіметтің 2012 жылғы
29 желтоқсандағы № 1778 қаулысымен бектілген Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының 19-тармағын орындау үшін әзірленді.

Іске қатысушылардың өздерінің материалдық және процессуалдық құқықтарын өз еркімен қолдануға мүмкіндік беруді білдіретін диспозитвтік принципті кеңейту мақсатында заң жобасында азаматтық сот ісін жүргізуде прокурордың міндетті қатысуын шектеу көзделеді.

Заң жобасында бұйрық арқылы іс жүргізуді қолдану саласын талап қою бойынша іс жүргізудің жекелеген дауларын бұйрық арқылы іс жүргізуге беру арқылы кеңейту көзделеді.

Азаматтық іс жүргізу кодексінде кейбір санаттардағы істер бойынша талап қою бойынша іс жүргізудің нысанын оңайлатып жүргізу көзделеді.

Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде, егер талаптың  бағасы заңды тұлғалар үшін 500 айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер үшін 100 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомасын өндіру туралы талап арыздар бойынша істерді қарау ұсынылады.

Сондай-ақ талапкердің жауапкер мойындаған, бірақ орындамаған ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап арыздары бойынша істі талаптың бағасына қарамастан жеңілдетілген тәртіппен қарау ұсынылады.

Сонымен бірге, заң жобасында дауды сотқа дейінгі кезеңде алдын-ала міндетті шешуге жататын істердің тізілімін кеңейтіу ұсынылады.

Осыған орай, егер талапкер істердің белгілі бір санаттары үшін сотқа дейін алдын ала шешудің заңнамамен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса Азаматтық іс жүргізу кодексінде талап арызды қайтарып жіберуді көздейтін норманы бекітуді ұсынамыз.

Жауапкер қарсы талап арыз ұсынуға құқылы болатын уақытты шектеу ұсынылады. Сот жарыссөзіне көшкенге дейін қарсы талап қою уақытын жауапкердің сот процесіне алде қайда жауапкершілікпен дайындалуына мүмкіндік береді.

Бітімгершілік келісім жасасу рәсімін Азаматтық іс жүргізу кодексінде тиісті тарауды көздей отырып регламенттеу ұсынылады.

Бұдан басқа, тараптарды дауды бейбіт жолмен шешуге ынталандыру мақсатында бітімгершілік келісімді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодекстің 548-бабында көзделген мемлекеттік бажды қайтару негіздерінің тізілімне қосу қажет.

Сот рәсімдерін оңайлату бойынша қосымша шаралар ретінде айғақтарды қашықтықта зерделеу, іске қатысушылардың түсіндірмелерін бейне байланыс құралдары арқылы қашықтықта тыңдау мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр
С. Ахметов