Салыстырма кесте

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының жобасына салыстырма кесте

Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1.

26-баптың 4-тармағы

4. Әрбiр азамат (таңдаушы) сайлаушылар тiзiмдеріндегі өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi сайлаушы (таңдаушы) туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы. Сайлаушылар тізіміне енгізу, одан шығару не тізімдерге түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарды тиiстi сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына арыз келiп түскен күнi қарайды. Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы тұрған жер бойынша тиiстi сотқа шағым жасауға болады, ол шағымды - арыз келіп түскен күні қарап, түпкiлiктi шешiм қабылдайды.

     ...

4. Әрбiр азамат (таңдаушы) сайлаушылар тiзiмдеріндегі өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi сайлаушы (таңдаушы) туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы. Сайлаушылар тізіміне енгізу, одан шығару не тізімдерге түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарды тиiстi сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына арыз келiп түскен күнi қарайды. Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы тұрған жер бойынша тиiстi сотқа шағым жасауға болады, ол шағымды - арыз келіп түскен күні қарайды.

    ...

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 274-бабында сайлау құқықтарын қорғау жөніндегі істер бойынша сот шешімдеріне, ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру құқығын бекітуі көзделіп отыр

2.

49-баптың бірінші абзацы

Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткізуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөніндегі сайлауды әзiрлеу мен өткізу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қарап, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.

Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткізуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөніндегі сайлауды әзiрлеу мен өткізу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қарап, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңда соттармен арыздарды қарайтын әр түрлі мерзімдер көзделген (бір, үш, жеті, он күн).

3.

59-баптың

7-тармағы

59-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркеу

      ...

7. Орталық сайлау комиссиясы:

3) мынадай жағдайда:

...

кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;

3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тіркеу туралы шешiмнің күшiн жояды.

Тіркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшін жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.

...

59-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркеу

      ...

7. Орталық сайлау комиссиясы:

3) мынадай жағдайда:

...

кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;

3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тіркеу туралы шешiмнің күшiн жояды.

...

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңның 59-баптың 8-тармағында Орталық сайлау комиссиясының Президенттiкке кандидатты тiркеуден бас тартуына немесе тiркеу жөніндегі шешiмнiң күшiн жоюына Жоғарғы Сотқа шағым беру мүмкiндігі көзделген.

4.

89-баптың

6-тармағы

89-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркеу

6. Орталық сайлау комиссиясы:

5) мынадай жағдайда:

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды.

Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам тиісті сотқа шағым жасауына болады, сот шешімі түпкілікті болып табылады.

...

89-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркеу

6. Орталық сайлау комиссиясы:

5) мынадай жағдайда:

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды.

Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам тиісті сотқа шағым жасауына болады.

...

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 274-бабында сайлау құқықтарын қорғау жөніндегі істер бойынша сот шешімдеріне, ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру құқығын бекітуі көзделіп отыр.

5.

104-баптың

6-тармағы

104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркеу

 ...

6. Округтiк сайлау комиссиясы:

...

3) мынадай жағдайда:

...

кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;

3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгі анықталғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңның 104-баптың 7-тармағында кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiмнiң жойылуына сотқа шағым беру мүмкiндігі көзделген.

6.

118-баптың
6-тармағы

118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу

...

6. Аумақтық сайлау комиссиясы:

...

3) мынадай жағдайда:

кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;

3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.

...

118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу

...

6. Аумақтық сайлау комиссиясы:

...

3) мынадай жағдайда:

кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;

3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

...

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңның 118-баптың                                7-тармағында кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеу туралы шешiмiнiң жойылуына сотқа шағым беру мүмкiндігі көзделген.