Салыстырма кесте

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау заңнамасы мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте

Норматив-тік құқықтық актінің құрылым-дық бөлігі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 411 Азаматтық іс жүргізу кодексі

  1.  

273-баптың бірінші бөлігі

273-бап. Арызды қарау

1. Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бір ай iшiнде түскен арыз оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күнi және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиіс.

...

273-бап. Арызды қарау

1. Сайлауға, республикалық референдумға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бір ай iшiнде түскен арыз, егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында немесе «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе,  оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күнi және сайлау, республикалық референдум қорытындылары жарияланғанға дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиіс.

      ...

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарында соттармен арыздарды қарайтын әр түрлі мерзімдер көзделген (бір, үш, жеті, он күн).

  1.  

274-баптың екінші және үшінші бөліктері

274-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы

...

2. Сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және ол апелляциялық, кассациялық шағымдануға жатпайды. Ол тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.

3. Жоқ

274-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы

...

2.Арызды қанағаттандыру туралы сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және шағымдануға жатпайды. Ол тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауапкершілікті көтереді.

3.Арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот шешіміне шешімнің көшірмесі тапсырылған күннен бастап апелляциялық тәртіппен үш күн ішінде шағым берілуі мүмкін. Шағым сотқа келіп түскен күннен бастап үш күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күнi және сайлау, республикалық референдум қорытындылары жарияланғанға дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиіс. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы дереу заңды күшіне енеді және шағымдануға жатпайды.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің
274-бабының нормасы сот актілеріне шағым беру мүмкіндігін жоғалтатын адамдардың құқықтарына қысым келтіруге әкеп соғатынын ескере отырып, сайлау құқықтарын қорғау жөніндегі істер бойынша ұйғарымдарына сот шешімдеріне, апелляциялық шағым беру құқығын бекіту көзделіп отыр

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлмедер туралы (Салық кодексі)»
Қазақтан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99 кодексі

3

541-бап

541-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату

Соттарда мыналар:

8-1) жоқ;

541-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату

Соттарда мыналар:

8-1) талапкерлер (арыз берушілер) – сайлауларда, референдумдарда қатысатын азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша;

Азаматтық іс жүргізу кодексінің
273-бабына сәйкес дауыс берілген күнi түскен арызды сот дереу қарайды. Осы ереже сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың, лауазымды тұлғалардың және т.б. заңсыз әрекеттерімен оларға қысым жасалған жағдайда азаматтардың бұзылған құқықтарын дереу қалпына келтіру мақсатында бекітілген.

Сонымен бірге, практикада соттар дауыс беру күні түскен талап арыздарды мемлекеттік баж төленбеуіне байланысты қараусыз қалдырып, оларды арыз иелеріне қайтарып жіберетін фактілер орын алған.

Бұл, әдетте, сайлаудың демалыс күндеріне тағайындалуымен байланысты, ал сайлау күндері Конституциялық заң бойынша соттар, прокуратура мен iшкi iстер органдары, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану жөнiндегi ұйымдар үшiн жұмыс күндері болып табылады.

Осыған орай, соттарда талапкерлерді сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша  мемлекеттік бажды төлеуден босату көзделіп отыр.