Ақмола облыстық соты майдангер-судьялар туралы кітабының тұсаукесерін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық соты Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып, отставкадағы судья Мейрам Ғибәділовтың «Отан үшін отқа түскен судьялар» атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесер кітапхананың оқу залында өтті.

Тұсаукесер рәсіміне облыс судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, облыстық құрылымдар мен ұйымдардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен мәдени мекемелердің, мемлекеттік ұйымдардың ардагерлер одағының төрағалары, БАҚ-ның өкілдері, оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, кітапта баяндалған майдангер судьялардың туыстары қатысты.

Кітап Жеңіс күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарық көрген.

М. Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми кітапханасының директоры Жансұлу Мұқатаева кітаптың атауы «Отан үшін отқа түскен судьялар» және бұл әр уақытта өзекті, өйткені судьялар әрқашан заң мен құқықтың қорғаушылары болып келеді, демек тұтастай елдің де қорғаушылары деуге болатынын айтты. Ол кітап қорына жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатын ұстанатын жаңа құнды кітап қосылып жатқанына алғысын айтып, кітаптың жалғасы шығатынына тілек білдірді.

Сонымен қатар тұсаукесер рәсімінде аталмыш кітаптың материалдары негізінде әзірлеген майдангер судьяларға арналған фильмі көрсетілді.

Тұсаукесер рәсімі облыстық сот және кітапханамен бірлесіп ұйымдастырылған көрмесімен аяқталды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі