Ақмола облыстық сотында жас судьялармен Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов 1 жылдан 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас судьялармен Тәлімгерлер кеңесінің отырысын өткізді.

Жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары жас судьялардың тәлімгерлері болып табылады. 1 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас судьялардың менторы болып облыстық сотының судьялары тағайындалған.

Отырыста жас судьялардың жұмыс кезеңіндегі қаралған істердің саны туралы, сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, БАҚ-пен өзара әрекет етуі, өздігінен білім алу және біліктілігін көтеру жұмыстарының аралық және  қорытынды есептері тыңдалды. Әрбір есеп беру кезінде тәлімгерлер мен менторлардың пікірлері ескеріліп, отырыс мүшелері талқылады. Тәлімгерлер сот актілерін әзірлеу сапасы, жұмыс көрсеткіші, кейбір жас судьялардың алдағы уақытта жұмысында болдырмау үшін осал тұстары жөнінде өз ойларын білдірді.

Атап айтқанда, Е.Жанәділов жас судьялардың жұмыс көрсеткіштерінің сапасына аса назар аударып, қаралған істер бойынша  өзгертілген және жойылған сот актілерін талқылап, жас судьяларының жұмысында қиындық тудыратын себептерді анықтады.

3 жыл судьялық өтілі бар төрт жас судья қорытынды есеп бойынша қанағаттандырарлық мінездеме алды. Тәлімгерлер кеңесі оларды жас мамандар санатынан қатаң талап қою үшін дербес судья мәртебесіне аударуды ұсынды. Қалған 20 азаматтың 1 жылдан 2 жылға дейінгі судьялық еңбек өтілі бар.

Талқылау қорытындысы бойынша Е.Жанәділов барлық ұсыныстар мен ескертулерді назарға алуды тапсырып, жас судьяларға сот қателіктеріне және заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында  әрдайым өзін-өзі жетілдіруге, өздігінен білім алуға, қолданыстағы заңнаманы зерттеуге ерекше назар аударуды тапсырды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі