Дау партисипативтік рәсімді бекіту арқылы шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай аудандық сотында азаматтық іс бойынша өндіріс партисипативтік рәсім тәртібінде қысқартылды.

Р. мемелкеттік мекемеге маман ретінде жұмысқа қайта алу және мәжбүрлі қыдырымпаздық уақыты үшін жалақасын өндіру, сондай-ақ моральдік зиянды өтеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Ашық сот отырысы барысында тараптардан дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу және азаматтық іс бойынша өндірісті қысқарту туралы өтініш келіп түсті.

Тараптар адвокаттарының көмегімен дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісім жасасты.

Сот тараптардың дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы өтінішін қанағаттандырды. Ұйғарым заңды күшіне енді.

АПК жаңалықтарының бірі – дауды шешім шыққанға дейін реттеу мүмкін болған жағдайда адвокаттардың көмегімен жасалатын партисипативтік рәсімнің енуі. Оның міндеті дауды екі тарапты да қанағаттандыратын тәртіпте жедел шешу, және де сот жүйесіне деген жүктемені төмендету.

Дауды реттеудің аталған балама түрінің басқаларынан артықшылығы адвокаттар тараптарға қолайлы нұсқаны іздеуде, сондай-ақ реттеу туралы келісімнің мәтінін құру барысында заңдылықты сақтауда білікті құқықтық көмек көрсетеді. Партисипативтік рәсімде адвокаттар өзінің сенім білдірушісі үшін барлық салдарларды ескеруге міндетті. Ол оның алдағы уақыттағы орындалуын жеңілдетеді, азаматтар үшін сот төрелігін қолжетімдірек етеді, сот дау-шарлары бойынша азамттар арасындағы наразылықты төмендетеді, сондай-ақ соттардың жұмысын азайтады.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі