Қостанай қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Фронт-кеңсенің ашылу рәсімін сот жүйесінің ардагері Сәбира Наукенова мен бұрынғы сот төрағасы Бақытқазы Ордабаев өткізді.

Осы іс-шараға отставкадағы судья Людмила Прохорова, облыстық соттың судьясы Ғалия Ержанова, Қостанай облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Рамиль Хисматуллин, МАЭС пен қалалық соттың төрағалары Ерқанат Жұматаев пен Қанат Шакаров қатысты.

Фронт-кеңсе соттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді пайдалану үшін сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сот холында ақпараттық орталық орналасқан. Онда келушілер сотқа өтініштер мен өтінішхаттарды берудің тәртібі, соттың іс жүргізуіндегі істер мен материалдарды қараудың барысы, сот отырыстарын өткізу уақыты туралы мәліметтерді ала алады. Мұнда сондай-ақ кіріс хат-хабарлар мен өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы орналасқан. Медиаторлар мен адвокаттарға арналған жеке кабинеттер де бар. 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі