Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Е. Дәулиев Қарақия ауданының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Дәулиев жұмыс сапарымен Қарақия ауданында болып, белсенділермен кездесті.

Кездесу барысында облыстық соттың төрағасы Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауында қойылған міндеттерді атап өтті. Ол сонымен қатар  «сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы шеңберіндегі пилоттық жобаларды іске асырудың нәтижелері және өңірде ашылған татуласу орталықтары мен медиация кабинеттерінің қызметі туралы айтты.

Кездесуге қатысушыларға «Түнгі сот», «Виртуалды сот» жобаларының маңызы, дауларды медиация тәртібімен шешу кезінде сот отырыстарына смартфондағы мобильді қосымшаны және бейнеконференция байланысын пайдалану арқылы қатысудың артықшылықтары түсіндірілді.

Облыстық соттың төрағасы азаматтарды жеке өзі қабылдады. Ол әрбір өтініш білдірушіні тыңдап, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып, сұрақтарға жауап берді.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі