Маңғыстау облысының Жаңаөзен және Мұнайлы аудандарында Би кеңестері құрылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Дәулиев Жаңаөзен және Мұнайлы ауданының судьяларымен, әкімдіктер мен би кеңесінің өкілдерімен, медиаторлармен онлайн-кездесу өткізді.

Осы іс-шара барысында Жаңаөзен мен Мұнайлы ауданында Билер кеңесінің филиалдарын құру мәселесі талқыланды. Ұйымдастырушылар дауларды соттан тыс шешу институттарын танымал ету міндетін алдарына басты мақсат етіп қойды.

Ақтауда би кеңесі 2019 жылдың сәуірінде қоғамдық шеленістерді азайту мақсатында құрылды. Оның қызметі, тәжірибе көрсетіп отырғандай, дауларды татуластыру арқылы шешуге ықпал етеді. Кеңес құрамына кіретін құрметті ардагер-ақсақалдар өздерінің беделі мен өмірлік тәжірибесін пайдалана отырып, жанжалдасқан адамдардың татуласуына ықпал етеді. Осы жылы олардың қатысуымен Ақтау соттарында 32 іс қаралып, оның 26-сы бойынша медиативтік келісім жасалды. Тек карантин кезінде ғана билер онлайн режимде 4 іс бойынша медиативтік келісімдерді жасауға ықпал етті.

Жаңаөзен мен Мұнайлы аудандарында Би кеңесінің филиалдарын ашу оның оң жұмыс тәжірибесі, осы елді мекендерде әлеуметтік, азаматтық және экономикалық даулар және аудандардың облыс орталығынан алыстығы ескеріле отырып шешілді.

Облыстық соттың төрағасы Ержан Дәулиев өз сөзінде аймақтағы Татуласу орталығының, университет пен Кәсіподақтар үйіндегі медиативтік орталықтардың, «Атамекен» ҰКП филиалындағы медиация секторының жұмысын атап өтті. Алайда, оның айтуынша, бұл қоғамдағы даулы жағдайлардың деңгейін төмендетпейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта отбасылық-құқықтық, еңбек даулары мен кәсіпкерлер арасындағы даулар карантиннің енгізілуіне байланысты қайта арта түскені байқалды. Оның пікірінше, Билер кеңесінің Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзендегі филиалдары даудың төмендеуіне елеулі үлес қосуы мүмкін.

Облыстық соттың төрағасы кездесуге қатысушыларды осы бағытта алға қойылған мақсаттарға жету үшін бірігуге шақырды.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі