Маңғыстауда Парламент Мәжілісінің соттарды жаңғырту жөніндегі көшпелі сессиясы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстауда Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің батыс өңіріндегі көшпелі отырысы болып өтті.

Отырыс жұмысына Комитеттің төрағасы Нұрлан Әбдіров, мәжіліс депутаттары, Балалардың құқығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымның (ЮНИСЕФ) өкілдері, Жоғарғы Соттың азаматтық істер өніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов, Жоғарғы Соттың судьялары Денис Шипп пен Серик Әбнасіров, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров, облыс әкімінің орынбасары Әлихан Қыраубаев, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстық соттарының төрағалары, М.Ломоносов атындағы ММУ доценті Кузьма Кичик, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, судьялар, нотарустар, сот орындаушылар, адвокаттар, танымал қазақстандық ғалым-заңтанушылар, саяси партиялардың, «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Бейнеконференциялық байланыс арқылы республика судьялары қатысты.

Іс-шараның тең ұйымдастырушылары - Жоғарғы Сот,  «NurOtan» партиясының құқықтық кеңесі және «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің Құқықтық зерттеу институты. Көшпелі отырыс тәуелсіз әрі тиімді сот төрелігін құруға бағытталған түбегейлі өзгерістерге мониторинг жүргізу, сондай-ақ Мәжіліс депутаттарын Маңғыстау облысындағы жекелеген соттардың қызметімен таныстыру мақсатында өткізілді.

Отырысты ашқан Комитет басшысы, «NurOtan» партиясы Құқықтық кеңесінің төрағасы Нұрлан Әбдіров соңғы жылдарда Елбасының бастамасымен Парламенттің заңнамалық актілерге маңызды өзгерістер мен толықтыруларды қабылдағанын атап өтті. Сот жүйесін жаңғырту, сот кадрларын сапалы дамыту және жаңарту, судьялардың тәуелсіздігінің кепілдігін күшейту және судьяларға заңсыз ықпал етуге жол бермеу, сот жүйесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша жаңалықтар аталып өтті. Спикер нағыз құқық үстемдігін қамтамсыз ету кез келген сот-құқықтық жүйенің басты мақсаты екенін баса айтты. Н.Әбдіров соттардың жұмысына заманауи форматты және озық электронды сервистерді енгізу, сот жүйесі кадрларын сапалы дамыту және жаңартып отыру туралы да айтты. Ол сотқа халық сенімінің жалпы деңгейін көтеруді соттардың алдыңғы уақыттағы басым мақсаты ретінде бекітуді ұсынды.

Облыс әкімі А. Қыраубаев да құттықтау сөз алды. Ол сот жүйесін жаңғырту жөніндегі іс-шараларды табысты іске асыру үшін нақты іс-әрекеттерді белгілеу қажеттігіне назар аударды.

Отырыс барысында Жоғарғы Соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы М.Таймерденов – әділ сот төрелігі азаматтардың әл-ауқатының және экономиканың өсуінің факторы екені туралы, Республикалық нотариат палатасының төрағасы Әсел Жанәбілова – азаматтық дауларды соттан тыс шешудің тәсілі ретінде превентивтык сот төрелігі туралы айтты.

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Е.Даулиев сот жүйесінің қоғам өміріндегі орны мен маңызы туралы, оны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жаңғыру сатыларын ескере отырып дамыту қажеттігі туралы әңгімеледі. К.Кичик Ресей Федерациясы сот билігінің қазіргі даму үдерісін ашып берді.

Н.Ахметзакиров өз сөзінде соттардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпарат берді. Сонымен бірге сот ісін жүргізуді одан әрі цифрландыру және азаматтардың сот төрелігіне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету қажеттігі аталып өтті.

Іс-шараға қатысушылар сот жүйесін одан әрі дамыту, сот жүйесін, оның ішінде қылмыстық сот ісін жүргізуді жетілдіру тұрғысынан новеллаларды пайдалану мәселелерін талқылады. Сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі қағидатын қамтамасыз ету және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасының өзектілігі туралы айтылды, оның жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда. Қылмыстық істер бойынша негізгі сот талқылауының шектері, сот жұмысының ашықтығын жақсартудағы проблемалар мен жоспарлар, сондай-ақ құқық қолдану практикасын және олардың атқарушылық іс жүргізуге әсерін жетілдіру туралы айтылды.

Іс-шара шеңберінде қатысушылар үш топқа бөлініп, өңірлердегі соттарға барып, олардың жұмыстарымен танысты. Оларға электронды сот төрелігі, сот процестерінің аудио, -бейне жазбаларын және бейнебақылау жүйесі, қашықтықтағы сеанстарға арналған бейнеконференция байланысы құрылғысы ішкі және сыртқы қауіпіздік жүйесі таныстырылды. Қонақтар адвокаттар мен медиаторлардың кабинеттеріне, күту залдарыне, сондай-ақ облыстық құқықтық қызмет көрсету орталығына, Ақтаудағы №2 соттың фронт-офисына барды.

Көшпелі отырысқа қатысушылар өңірлерді аралау және мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша Қазақстанның сот жүйесін жаңғырту саласында бірқатар нақты ұсыныстарды қамтитын ұсынымдар әзірледі.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі