Науқас адамдарды пайдаланғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының №2 сотында «Семей қаласының  психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме» мемлекеттік  коммуналдық мекемесінің бұрынғы директоры К.Бергеневаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, сотталушы өзінің қызметтік бабын қолданып, психоневрологиялық аурулармен ауыратын науқас мүгедектерді жеке мақсатына пайдаланған. Ол  емдеу еңбек инспекторының бақылауымен оларды қызметтік көлік арқылы өзінің қызының бақшасына жіберіп, шаруашылық жұмыстарын жасатқан.

Сот үкімімен К.Бергенева ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11 тармақтарымен психиканың бұзылуының зардап шеккен адамдарды пайдаланғаны үшін  кінәлі деп танылды. Оған  ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жаза шартты деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі