ОҚО-да аудандық ішкі істер басқармасының аға тергеушісі сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық сотында Сайрам АІІБ-ның аға тергеушісі А.Жолтаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істі сотта қарау барысында азамат Ж.Тоялиев ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс бойынша күдікті екендігі анықталған. Істің мән-жайын білетін А.Жолтаев Ж.Тоялиевке қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға уәде беріп, одан 3 000 АҚШ долларын талап еткен.

Ж.Тоялиев ОҚО ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасына жүгінген. Ж.Тоялиевтен 2000 АҚШ доллары сомасындағы параны алғаннан кейін тергеушінің аталған басқармасының қызметкерлері ұстаған.

Сот үкімімен азамат А.Жолтаев ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі (айтарлықтай мөлшерде пара алу) бойынша кінәлі деп танылып, оған жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойы ішкі істер органдарында лауазымды қызметті атқару құқығынан және «полиция капитаны» арнаулы атағынан айыру және параның 60 еселенген мөлшерінде, яғни 22 344 000 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі