Павлодар облыстық сотында «Smart Сoт» жобасы іске асырылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық соты 2018 жылы «True Conf» мобильдік қосымшасы арқылы  1 349 істі қарады (925 азаматтық, 380 әкімшілік және  44 қылмыстық іс).

«Smart Сoт» жобасы азаматтарға True Conf» мобильдік қосымшасы арқылы әлемнің кез келген нүктесінен сот отырысына қатысуға мүмкіндік береді. Өңір соттарында өткен процестерге тек республика азаматтары ғана емес, сонымен қатар Германияның, Россияның, Грузияның және Беларусьтің азаматтары да қатысты. Мәселен, Успен аудандық соты қараған некені бұзу туралы бір сот отырысы Германия, Россия мен Қазақстан азаматтарының қатысуымен өтті.

«Smart Сoт» жобасы бойынша шет мемлекеттердің қатысуымен барлығы 13 сот отырысы өткізілді.

Бейнеконференцбайланыс арқылы сот процестерін өткізу тек уақытты ғана емес, сонымен бірге бюджет қаражатын да үнемдейді. 

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі