Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка қаласындағы көшеге сот жүйесінің ардагері Қалымжан Хабдулиннің есімі берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласы көшелерінің біріне осы ауданда өмір сүрген  Сергеевка сотының алғашқы төрағасының есімі берілді.

Қалымжан Хабдулин 1923 жылғы 23 наурызда  бұрынғы Көкшетау облысы Арықбалық ауданының (бүгінде СҚО-ның Айыртау ауданы) Мәдениет ауылында дүниеге келген. 1943 жылғы наурызда мектепті бітіргеннен кейін Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, Алматы жалпыжауынгерлік әскери училищенің командалық  курсына жіберілген. Бірақ көз жанарының нашар көруіне байланысты училищеге қабылданбай,  қысқамерзімді курстан өткеннен кейін майданға аттандырылғані. 

Маршал К.Рокоссовский қолбасшылық еткен Бірінші Беларусь майданының құрамында жаяу әскердің қатардағы жауынгері болып соғысқа қатысқан.

1944 жылғы 5 қазанда майдангер Хабдулин мина жарықшақтарының бірі кеудесіне қадалып ауыр жараланып, госпитальға жіберіледі, онда оған ота жасалып, жүрегінің дәл түбіндегі жарықшақ алынады. 1945 жылғы шілдеге дейін госпитальда болып, Жеңісті сонда қарсы алған.

Сұрапыл соғыс жылдарында көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін «III дәрежелі Даңқ», «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталған.

Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

1958 жылы Қ.Хабдулин Солтүстік Қазақстан облысының Преснов аудандық халық сотына халықтық судья болып сайланады. Әр жылдары Ленин, Булаев, Марьевск (бүгінде Сергеевка) аудандық халық соттарының халықтық судьясы болып жұмыс істейді.  1965 жылдан бастап председатель Сергеевка сотының төрағасы болған.

Қ.Хабдулин қарапайымдылығымен, адамгершілігімен, тәртіптілігімен ерекшеленетін, ауданда абырой-беделді болған.

Қ.Хабдулин Еңбек Қызыл Ту  орденімен марапатталған.  

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі