Тараптардың апелляциялық сатыда татуласуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖК 3 000 000 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы ЖШС-ға талап арызбен жүгінді. Талапкер жауапкердің өзіне қабылдаған тауарды жеткізу жөніндегі шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамағанына шағымданған.

Сот ЖК-нің талап арызын ішінара қанағаттандырылып, ЖШС-дан 1 000 000 теңге тұрақсызыдық айыбы мен мемлекеттік бажды өндіріп берген.

Соттың шешімімен келіспеген жауапкер оған шағым берген. Ол сот шешімінің күшін жойып, тұрақсыздық айыбы төленген 4 487 808 теңге берешек сомасы бойынша тым артық екенін көрсетіп, талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Облыстық соттың сот алқасы орын алған проблеманың оңтайлы шешім іздестіріп, жанжалдасушылардың арасында қарым-қатынас жасау процесін жңілдете отырып, әрбір тараптың ұстанымдары мен пікірлерін түсінісіге ықпал ете  отырып, тараптардың назарын олардың мүдделеріне аудара отырып, оларға татуластыру рәсімдерінің артықшылықтарын түсіндірді. Мұның нәтижесінде әрқайсысының мүддесін қанағаттандыруға қол жеткізілді.

Тараптар сотқа татуласу туралы келісімді ұсынып, бітімгершілік келісімге отырғанын мәлімдеді. Оның талабы бойныша тараптардың әрқайсысы бір-біріне жол беріп, түсінісе алды.

ЖШС белгілі бір мерзімде 450 000 теңге тұрақсыздық айыбын төлеуге, ал талапкер – аталған соманы қабылдауға және талап арыздан бас тартуға міндеттеме алды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі