Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты іс-шара

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай ашты. Ол өз сөзінде біздің елімізде 1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған мереке салтанатты түрде аталып өтетінін айтты. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында сот жүйесі реформасы бөлігінде «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары табысты жүзеге асырылуда.

Ел Президентінің соттарға деген жоғары назарының дәлелі, ол – заң үстемдігі мен судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту жақын болашақтағы ел дамуының негізгі басымдылықтарының қатарына енуі. Еліміздің барлық судьялар қауымдастығы мұны жұмыстарын одан әрі күшейту және жауапкершілікті одан әрі арттыру үшін қосымша ынталандыру деп қабылдады. Осы арқылы  Мемлекет басшысы республиканың, сонымен бірге сот жүйесінің дамуына жаңа серпін берді.

Елбасымыз тұңғыш рет жария түрде жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодексіне қол қойды, ол осы құжаттың ел халқы үшін маңыздылығының зор екендігінің айғағы.

Бұл Азаматтық процестік кодексті жаңғырту бағытында Жоғарғы Соттың атқарған үлкен жұмысына берілген оң баға және жоғары сенім болып табылады. 

Өз сөзін аяқтай келе, облыстық соттың төрағасы салтанатты шараға қатысушыларды мерекемен құттыұтап дендеріне саулық, кәсіби жетістіктер мен құт-береке тіледі.

Салтанатты жағдайда судьяларға ведомстволық наградалар мен мерекелік белгілер табысталды.

Облыстық соттың судьясы Рабиға Қоқанова III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медалімен, облыстық соттың судьясы Мұрат Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның №2 аудандық сотының төрайымы Әсел Досымова «Қазақ хандығына 550 жыл» белгісімен марапатталды.

Петропавл қалалық сотының судьясы Михаил Гусевке Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Алғыс хаты берілді.

Материалдық-техникалық қамтамасыз етуды жақсарту мақсатында жаңа автокөліктер мен қызметтік пәтерлердің кілттері тапсырылды.

Іс-шара соңында  облыстық сот ғимаратының фойесінде «Елбасының еңбектері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жиналғандар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылып, «Елбасы» деректі фильмі көрсетілді. 

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі