Жамбыл облысының судьялары сот актілерін сапалы жасау дағдыларын үйретті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот судьялары Арыстанбек Стыбаев, Айгүл Сапарова мен Гүлжан Әлмағамбетова төрт күндік семинар-тренинг өткізді.

Жұмыс тобының құрамына Шымкент және Алматы қалаларының МАЭС судьялары Айгүл Жүсіпова мен Нұрлан Құрманғалиев кірді.

Іс-шара жаңа формат бойынша сот актілерін жасау және оларды түсіндіру, сондай-ақ сот шешімдерінің сапасын жақсарту үшін практикалық көмек көрсету және бірыңғай сот практикасын қамтамасыз ету кезінде өзіне тән қателерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

А. Сапарова сөз сөйлей отырып, судьялар жол берген сот актісін жасау тәртібін бұзуға және оны түсіндіруге егжей-тегжейлі тоқталды. Испан әріптестерінің сөздерінен мысал келтірді: «Сот билігінің беделі күн сайын қалыптасуы тиіс», спикер қатысушылардың назарын мынадай дерекке: сот шешімінің сапасын жақсартудың өткір қажеттілігіне, оны түсіндірудің қолжетімділігіне, сондай-ақ судьялардың кәсіби этикасын арттыруға  аударды.

А. Стыбаев қылмыстық сот ісін жүргізу дің жай-күйі мен қажетті шаралар туралы хабардар етті. Ол заңдарға артық сілтеме жасау, фактілерді талдаудың болмауы, олардың сот актісінде қайталануы оның мән-жайын нашарлатып қана қоймай, сонымен қатар судьяның кәсібилігінің жеткіліксіз деңгейін көрнекі түрде көрсетіп отырғанын атап өтті.

Спикерлер өз баяндамаларын нақты мысалдар келтірілген слайдтармен және  бейнефайлдармен сүйемелдеді.

Семинарға қатысушылар сот актілерін жасау кезіндегі проблемалық мәселелерді талдап, талқылады, кейстік міндеттерді шешу және жаңа форматтағы сот актілерін жасау түріндегі практикалық тапсырмаларды орындады.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық соты