Жоғарғы Сотта экономикалық қылмысқа байланысты істер бойынша өзекті проблемаларды талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сотта 2016 жылғы 20 қазанда «Экономикалық қылмысқа байланысты істерді қарау кезіндегі өзекті проблемалар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

 «Дөңгелек үстелдің» жұмысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының  басшысы Талғат Татубаев, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Тілеу Жаңғарашев және «Атамекен» республикалық ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқармасы төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов  қатысты.

Аталған тақырыпты судьялар, Бас прокуратураның,  Мемлекеттік кірістер комитетінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының, Ішкі істер министрлігінің және адвокатураның өкілдері  талқылады.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин кездесуді ашу кезінде экономикаклық қылмысқа, оның ішінде жалған кәсіпкерлік  бойынша қылмыстық істерге қатысты мәселелердің ерекше өзекті болып отырғанын атап өтті. Оның Мемлекет басшысының республикадағы бизнес ахуалды 2050 Стратегиясының басымдықтарына сәйкес жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында мәні зор. Қолданыстағы заңнаманың және нормативтік қаулылардың талаптарын сақтамау жалған кәсіпорынның контрагенттерінің, атап айтқанда адал кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға алып келеді. Олар қылмыстық процесте қорғалу құқығынан айрылған және олардың саны бір ғана қылмыстық іс бойынша жүздеген заңды тұлғаларды  құруы мүмкін.

«Дөңгелек үстелдің» барысында Жоғары Соттың судьясы Өмірсерік Қожабаев сөз сөйлеп, «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 12 қаңтардағы №1 және «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 18 маусымдағы №2 нормативтік қаулыларға енгізілген өзгерістерді түсіндірді.  Судья бір қылмысты екіншісінен ажырату қағидаларын нақты  тұжырымдады,  заңсыз кәсіпкерлік қызметтің және қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастырудың (жылыстатудың) белгілері өзектендірілді.

«Атамекен» республикалық ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқармасы төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов Қылмыстық кодекстің жалған кәсіпкерлік туралы 215-бабының құрылымын қайта қарау қажеттілігін атап өтті.

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі төрағасы Арман Шәмшиев «дөңгелек үстелге» қатысушыларды жалған кәсіперлікке байланысты қылмыстық істерді қарау кезінде сот практикасында туындайтын проблемалық мәселелер туралы  хабардар етті. Экономикалық қылмыстар туралы қылмыстық істерді  тергеп-тексеру практикасы жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының  Тергеу департаменті басшысының  міндетін атқарушы Сергей Перов айтып берді.

Бұдан кейін  Мемлекеттік кірістер комитетінің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Абзал Байманов сөз сөйледі.

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің  заңды құқықтарын қорғау бойынша одан әрі бірлесіп жұмыс жүргізу үшін ұсынымдар әзірленді.

Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі