Зырян аудандық соты тау кенішінен алтынды алу туралы қылмыстық істі қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотында азамат Ж. Тәттібаевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы ағымдағы жылдың шілде айының басынан бастап Зырян қаласындағы «Казцинк-Транс» ЖШС-нің автотұрағы аумағында орналасқан тау-кен үйіндісі аумағына жүйелі түрде тау-кен материалын жымқыра бастаған. Ол тау кенішінен алтынды алу үшін сотталушының мекен-жайындағы екі шаруашылық қора-жайларда орналасқан майдалау әдісімен жасалынған жабдығын пайдаланған.

Ж.Тәттібаев заңсыз түрде алынған алтынның әр грамын 3000 теңгеге бағалап, Өскемен қаласындағы анықталмаған адамдарға өткізген.

2015 жылдың тамыз айында полиция қызметкерлері Ж.Тәттібаевтың үйіндегі аула құрылыстарын қарау барысында  436,980 кг алтын құрамды кен материалдарын тапқан. «Казцинк-Транс» ЖШС-не  келтірілген жалпы шығын 284 085 теңгені құрайды.

Сот Ж.Тәттібаевты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде (ұрлық) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған  1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі