Ақтауда Билер кеңесі жұмысын бастады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Қазақстан халықтар қауымдастығының ғимаратында Билер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Осы қоғамдық бірлестікті қалалық мәслихат депутаты Марат Молдағұлов басқарды, отставкадағы судья Гүлжахан Иманғалиева хатшы болып сайланды.

Кеңестің құрамына 9 азамат кірді, жұмыс тобы үш адамнан тұрады. Олар қоғам қайраткерлері,  отставкадағы судьялар және өңірдің құрметті азаматтары. Оның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Кездесуде Кеңес төрағасы кездесуге қатысушыларға қызметтің негізгі аспектілерін, міндеттері мен құқықтарын түсіндірді. Сонымен бірге, М.Молдағұлов Билер кеңесінің ауыл тұрғындары арасындағы жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге бағытталғанын атап өтті.

Осы күні «дөңгелек үстел» өткізілді, онда оның қатысушылары Билер кеңесінің жұмыс алгоритмі талқыланды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев, облыстық соттың төрағасы Ержан Дәулиев, Yessenov University оқытушы құрамы, судьялар мен медиаторлар, Билер кеңесінің мүшелері қатысты.

Е.Дәулиев сөйлеген сөзінде мелиация рәсімін қолдану кеңейту арқылы оларды төмендетудің жолдарының бірі деп атап өтіп, әлеуметтік және экономикалық даулар санының өскені туралы айтты. Спикер өңірдегі медиация кабинеттерінің, университеттегі медиативтік орталықтардың, «Атамекен» КҰП филиалындағы медиация секторының жұмысын және қоғамдағы жанжалдасу деңгейінің әлі күнге дейін жоғары екенін атап өтті. Бұл жағдайда, Е.Дәулиев пікірінше, Билер кеңесі даулардың азаюына белгілі бір үлес қосады.

Р.Сәкеев республикадағы 200 –ге жуық билер кеңесі қызмет ететінін айтты. Ол дауларды сотқа дейінгі реттеуді дамытудағы олардың атқарып жатқан қызметінің тиімділігіне тоқталды және жаңадан құрылған Билер кеңесі өңір тұрғындары арасында танымал болатынына сенім білдірді.

Іс-шараға қатысушыларға Билер кеңесінің жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді, оның мүшелеріне Маңғыстаудың киелі жерлері мен айыз-әпсаналары туралы естелік кітаптар сыйға берілді.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі