Конституция күніне орай ақтөбелік фемида өкілдері марапатталды

Хат жолдауХат жолдау

Ақтөбеде Конституция күні мерекесіне орай, сот жүйесінің дамуына үлес қосқан қызметкерлерге ең жоғарғы «Үш би» құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табысталды.

Олардың қатарында құрметті еңбек демалысына шыққандар да бар. Бүгінгі күнді сот саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі десе де болады. Облыстық сот төрағасы Мұратқали Әкетай Елбасы тапсырмаларын орындап, Ұлт жоспарын сәтті жүзеге асыруда саланың алар орны ерекше екендігін атап өтті. Қазіргі уақытта өңірде жоғары білікті судьялардан құралған билер алқасы жасақталған. Сондай-ақ сот отырысының 7 хатшысы Сот төрелігі академиясында білім алуда. Олардың бірі Ұлыбритания елінде тәжірибеден өтетін болады.

Мәдина Сисенова, облыстық соттың судьясы:

– Мен сот жүйесінде 30 жыл еңбек етемін. Бүгін «Үш би» жоғарғы құрмет грамотасымен марапатталдым. Еңбегім еленіп, әділ бағаланғанына қуаныштымын. Бұл – мен үшін ең үлкен сый. Сот жүйесіне әрдайым қолдау көрсетіп отырғаны үшін Елбасына алғыс айтқым келеді.